Астанада жаңа SVOY ресторан
Астанада жаңа ресторан ашылды — SVOY ресторан кешені. 3 қабатты зәулім, кең демалыс орны. Кірген кезде байқалатын ең басты ерекшелігі — кеңдігі. Ресторан залы шынымен өте үлкен. Шағын топқа да, үлкен кампанияға да орын табылады. Екі адамдық оңаша жұпқа да ыңғайлы орындары бар. Алдымен ресторанның ішін аралап шықтым. Интерьері, жиһаздары, жарық, үстелдердің орналасуы сәтті таңдалған. 1-ші және 2-ші қабаттар тамақтану орындары болса, 3-ші қабатты караокеге арнаған.
Театр гардеробтан басталса, ресторан мен үшін менюден басталады. Тіпті менюдің қалай жасалғаны да маңызды. SVOY әр детальға маңыз бергені көрініп тұр, әсіресе меню жақсы жасақталған. Ассортимент тым бай дей алмаймын, бірақ шеф-повар және командасы үлгере алатындай деңгейде жасалған.
Дайындалған тағамдары өте жақсы. Бірнеше түрлі салат, етті тағамдарды және тіскебасарлардың дәмін көрдім. Тамаша! Әсіресе балықты жақсы пісіреді екен. Ішімдіктерден сыраны өздері қайнатады, 3 түрлі сыра ұсынады әзірше. Жалпы қай жерде болсын ресторандардың өздері қайнататын сыралары ұнай бермейді. Ал бұл жерде қою қара стаут сырасы ұнады.
Ресторанды элит сыныпқа қосуға болады. Бірақ, бағалары Астанадағы орташа ресторан бағаларынан төмен. Қазіргі дағдарыстық кезең үшін өте жақсы. Орташа есеппен бір адамға 5000 теңге жобасында шығады. Мысалы біреуді кешкі асқа апарғыңыз келсе 10-15 мыңға ұялмай апара аласыз.
Даяшылардың қызмет көрсету сапасы жаман емес. Тек ашылу кешінде қонақтардың көптігіне байланысты аздап үлгере алмағаны болмаса менюді жақсы білетіндіктері, немен нені ұсына алатындары көрініп тұр.
Астанадағы фавориттер тізіміне қосуға әбден болады.
Орналасқан жері: Жұмабаев 24, Жерұйық паркінің қасында.
Байланыс үшін: 250-777
vk.com/svoy.astana
facebook.com/svoy.astana
instagram.com/svoy.astana
10 пікір