Құдіретті өнер түркі халықтарының басын біріктірді.

Шәмші Қалдаяқов атындағы облыстық филармонияда ақын Құрал Көмектің “Сенім жеңісі” мен “Баба рухы-Гольфстим ағысы” атты кітаптарының тұсаукесер рәсімі болып өтті. Сондай-ақ, Башқұртстан композиторлар одағының төрағасы Нур Даутовтың “Дүние түріктері маршы” әні алғаш рет Оңтүстікте шырқалды.
Айтулы шараны профессор Бегман Ысқақ ашып берді. Ол өз сөзінде ел билеген түркі халықтарының даңқты тұлғаларын атап өтті. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевты өз заманының заңғар перзентіне теңеді. Ал, абайтанушы, белгілі ғалым Мекемтас Мырзахметов қос бірдей кітаптың лентасын қиды. Түркі халықтарына ортақ әнді қалың көрермен зор ықыласпен, шабыттана отырып тыңдады. Бауырлас мемлекеттерді бірлікке шақыратын туындыны ақын Түркия елінде жүріп, жазып шыққан.
Блог - Harun: Құдіретті өнер түркі халықтарының басын біріктірді.
ҚҰРАЛ КӨМЕК–АҚЫН, ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФИЗУЛИ СЫЙЛЫҒЫНЫҢ ИЕГЕРІ
Барша қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын. Осы тұсаукесерімді сол тәуелсіздіктің шапағатына арнасам, — деген үлкен ойым бар еді.Сондай-ақ, “Дүние түріктері маршы” әнін түбі бір түркі халықтары орындаса екен, — деген арманым болды. Міне, бүгін сол арман орындалған сияқты. Халқыма, жалпы түркі халықтарына, сондай-ақ, бүкіл әлемге бейбітшілік тілеймін.
Блог - Harun: Құдіретті өнер түркі халықтарының басын біріктірді.
Аталған іс-шара Елбасымыздың “Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ” жолдауы аясында өткізілді. Оған Түркия, Әзірбайжан, Өзбекстан, Башқұртсан, Қарақалпақстан елдерінің танымал ақын-жазушылары мен БАҚ-ның бір топ өкілдері қатысты.
Блог - Harun: Құдіретті өнер түркі халықтарының басын біріктірді.
МЕХМЕТ САБРИ КЫЛЫЧ – АҚЫН /ТҮРКИЯ/
Осы жерге түркі бауырларымыздың шақыртуымен келдік. Биыл Шанаққала шайқасына 100 жыл толып отыр.Соған ақын Құрал Көмек бауырымыз “Сенім жеңісі” атты поэма жазды. Мұнда келудегі мақсатымыз — “Дүние түріктері маршына” жазылған әнді естіп, ақынды құттықтауға келдік. Осы әнді жазған Нур Даутов ағамызға алғысымды айтамын. Сонымен қатар, барша қазақ бауырларымызға ризашылығымды білдіремін.
Блог - Harun: Құдіретті өнер түркі халықтарының басын біріктірді.
Ақынның “Баба рухы-Гольфстим ағысы” кітабына соңғы жылдары жазылған поэмалары мен баллада, өлеңдері енген. Ақын ел тізгініне тәуелсіздік тигенде бірінші болып қуанған бауырлас түрік халқының тарихи соғысын көркем жыр жолдарымен жеткізген. Бұл туындының тұсаукесері бұған дейін Түркия елінде де өткен болатын. Бүгінгі шара бауырлас халықтың татулығын нығайтып, жақындығын дәлелдей түсті.

Автор: Нұржан Жақсылық
Бөлісу:

1 пікір

MERmukhanov
Жазба атауына нүкте қойылмайды