Елордада тіршілік қауіпсіздігін қамтамасыз ету – әкімдіктің басты міндеті

Астана жаңалықтары: Елордада тіршілік қауіпсіздігін қамтамасыз ету – әкімдіктің басты міндеті

Бүгін қала басшысы Әділбек Жақсыбековтың төрағалығымен өткен аппарат кеңесінің басты тақырыбы коммуналдық шаруашылық және елдорданың ТЖ дайындығы мәселелері болды.

Ауа райының өзгеруіне қарамастан қала коммуналдық және жол қызметтеріне түсетін кез-келген жүктемеге дайын болуы керек. Астана әкімі ТЖ орын алған жағдайда жұмыла жұмыс істеуі тиіс барлық қалалық қызметтердің әрекет ету жоспарларын жаңарту қажет екендігін атап өтті.

Қала басшысы елордада тіршілік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі қалалық әкімдік жұмысының басты бағыты болып қалатынын атап өтті, барлық қалалық басқармалар мен қызметтерге бірдей жауапкершілік жүктелуі тиіс. Кез-келген басқа басқарма жауапты болып табылатын жұмыстардан бас тартуға жол берілмейді. «Бәріміз де бір жұмысты орындап жүрміз. Сізге тапсырған екен, онда оны сөзсіз орындауыңызды сұраймыз»,- деді Ә. Жақсыбеков. Оның айтуынша, әкімдік қызметкерлеріне ерекше талап қойылады.

Елорда әкімі қалалық қызметтерді алдағы мерекелерге байланысты күшейтілген тәртіпте жұмыс істеуге, қауіпсіздік шараларын арттыруға және қаланы абаттандыру бойынша барлық міндеттемелерді уақытылы орындауға шақырды.

astana.gov.kz/kk/modules/material/9601
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше