Мемлекет басшысы Астанада жаңа индустриалды объектілерді ашты

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев индустриаландыру бойынша жалпыұлттық телекөпір аясында Астанада екі индустриалды зауытты іске қосты. «Astana Diesel Engines» ЖШС «GEVO» зауыты дизель қозғалтқыштар шығаратын болады.

«Астана Ютария ltd» өндірістік инновациялық компания» ЖШС тоқыма өнімдері мен тігін жабдықтарын шығарумен айналысады.

Айта кетейік, жобаны жүзеге асыру ТМД мемлекеттері мен қазақстандық жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарын кәсіби қондырғылармен жабдықтауға және сервистік және консалтингтік қызметтер ұсынуға мүмкіндік береді.

«ASTANA Ютария Ltd» ЖШС бас директоры Сәуле Шауенова еңбек ұжымдарының атынан Мемлекет басшысына елімізде жеңіл өнеркәсіптің өсуіне және дамуына жағдай жасағаны үшін алғыс білдіріп, отандық өндірушілердің сатып алушылардың сенімін ақтайтынын жеткізді.

Жалпыұлттық телекөпір барысында тағам, химия, тоқыма және өнеркәсіптің басқа салаларында 18 жоба іске қосылады.

astana.gov.kz/kk/modules/material/9594
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше