Қалалық мәслихат Астананың 2016 - 2018 жылдарға арналған бюджетін бекітті

Қалалық мәслихаттың 61-ші кезектен тыс сессиясында Астананың 2016 – 2018 жж. арналған бюджеті бекітілді.

Елорданың 2016-2018 жж. арналған бюджеті бес жылдық кезеңде (2015-2020жж.) қаланың әлеуметтік-экономикалық даму болжамдарының негізінде әзірленді.

2016 жылға арналған бюджет 314 млрд. 745 млн. теңге көлемінде бекітілді, соның ішінде: республикалық бюджет трансферттері мен несиелері 134,7 млрд. теңгені құрайды, жеке табыс – 180 млрд. 029 млн. теңге.

Сонымен қатар, 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап 8,4 млрд. теңге көлеміндегі республикалық бюджет трансферті есебінен әлеуметтік салада еңбекақыны көтеруге жұмсалатын қаржы қарастырылған.

Еңбекақы төлеу жүйесінің жаңа моделін енгізудің нәтижесінде денсаулық сақтау саласында – 28%, білім – 29%, басқа салаларда – 40% дейін негізгі персоналдың еңбекақысын біліктілігіне қарай дифференциалды түрде көтеру болжанған.

Бұдан басқа, 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап мемлекеттік қызметкерлердің еңбекақысы 30% көбейтілмек.

2016 жылға арналған бюджеттен 17 млрд. 253 млн. теңге республикалық бюджетке алынады.

Мұнымен қоса, 2016 жылдың бюджетінде шығындардың басым бөлігі әлеуметтік салаға бағытталады. Қаржы «Smаrt-емхана» жобасын жүзеге асыру аясында онкологиялық ауруларды емдеу үшін дәрі-дәрмектер сатып алуға және қанмен және сарысумен қамтамасыз етуге және т.б. жұмсалады. Жұмыспен қамту саласында – нормативтік актілерге сәйкес, атаулы әлеуметтік көмек, тұрғын үй көмегі, 18 жасқа дейінгі балаларға төленетін жәрдемақы, мүгедектерді санаториялық-курорттық емдеу секілді міндетті жәрдемақылар мен төлемдерді қамтамасыз етуге бағытталады.

Жергілікті өкілетті органдардың шешімімен әлеуметтік төлемдер толық көлемде қамтамасыз етіледі. Атап айтқанда, қалалық қоғамдық көлікте жеңілдікпен жол жүру, мерекелік даталарда төленетін ақшалай төлемдер.

Білім саласында білім нысандарын күтіп ұстауға, кітапхана қорларын жаңартуға және оқулықтар сатып алуға, бастауыш сынып оқушыларын және аз қамсыздандырылған отбасыдан шыққан балаларды тегін тамақтанумен қамтамасыз етуге, «Smаrt-мектеп» жобасын жүзеге асыруға, аз қамсыздандырылған отбасылардан шыққан балалардың, ЖОО мен колледж студенттерінің қоғамдық көлікте жеңілдікпен жол жүруіне арналған шығындар қарастырылған.

Инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға 122,6 млрд. теңге, соның ішінде республикалық бюджет трансферттерінен – 99,1 млрд. теңге қарастырылған. Бұл қаржы инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым салуға және қалпына келтіруге, жолдар мен әлеуметтік сала объектілерінің құрылысына бағытталады.

astana.gov.kz/kk/modules/material/9597
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше