Астанада жастар кәсіпкерлігін қолдау бағдарламасы жүзеге асырылуда

Елордада «Astana – ZhasStarT» жастар кәсіпкерлігін қолдау бағдарламасы жастар кәсіпкерлігін дамытуға, жастарды бизнеске тартуға бағытталған. Оған 29 жасқа дейінгі жаңа бастаған жастар қатыса алады, салалық белгілер бойынша шектеу қойылмайды, пайыздық мөлшерлемесі – 7%. Несиенің ең көп мөлшері бір несие алушы үшін (СМСП) – 20 млн. теңге.

Үстіміздегі жылдың қазан айынан бастап қатысушы банктер бөлінген қаржының 30% игерді. Аталған бағдарламаларды жүзеге асыру 2016 жылы жалғасын табады.

Бұдан басқа, «Астана қаласында шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін өңірлік қаржыландыру» бағдарламасы қолға алынды, осы мақсатта 1,5 млрд. теңге бөлінді. Бағдарлама франшиза тартуға, ритейлдік желілерді (супермаркеттер, гипермаркеттер), қоғамдық тамақтану пункттерін дамытуға және модернизациялауға арналған жобаларды қаржыландыруға бағытталған. Пайыздық сыйақы мөлшері – 7,6% аспайды. Несиенің ең көп мөлшері бір кәсіпкер үшін – 200 млн. теңгеге дейін.

Қазіргі кезде қатысушы банктер бөлінген қаржының 60% жуығын игерді.

Еске сала кетейік, Астанада 1 желтоқсандағы жағдай бойынша, нарықтағы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 5,9% артып, 98 740 бірлікті құрады.

astana.gov.kz/kk/modules/material/9592
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше