Астанада көлік қозғалысы шектеледі

2015 жылғы 12 желтоқсанда «Астана Арена» стадионында эстрадалық әнші Қайрат Нұртастың жеке концертінің өтуіне байланысты Астана қаласының ІІД ақпараты бойынша, жол-патрульдік полиция қызметкерлері қоғамдық көлік пен таксилерден басқа көлік құралдарының қозғалысын шектеу шараларын қолданады.

Сағат 17:00 бастап концерт аяқталғанша Қабанбай батыр және Тұран даңғылдарының бойында Керей Жанибек хандар көшесінен Хусейн Бен Талал көшесіне дейін көлік қозғалысы тоқтатылады. Жүргізушілерге Орынбор көшесімен жүру ұсынылады.

Астана қаласының ІІД Әкімшілік полиция басқармасы концертке келетін адамдарға өз көліктерін қалдырып, қоғамдық көлікпен келуді ұсынады.

Бұдан басқа, көрермендерді жинап, жеткізу үшін келесі мекен жайлардан арнайы 6 рейс (шаттл) жүретін болады:

1) «Қазақстан» СК тұрағы (Қажымұқан к-сі);

2) «Әзірет Сұлтан» мешіті (Қошкарбаев даңғ.);

3) «Нұр Астана» мешіті (шығыс жағындағы тұрақ);

4) Елордалық цирк маңындағы тұрақ (Қорғалжын тас жолының бойындағы тұрақ).

5) Қ. Мұңайтпасов ат. стадионның жанындағы тұрақ (Кенесары к-сі бойынша);

6) «Жастар» театрының тұрағы (бұрынғы опера және балет театры, Затаевич к-сі).

Арнайы рейстік автобустармен жүру құны:

ересектер үшін 90 теңге, 15 жасқа дейінгі балалар үшін 40 теңге, жол жүру билеттері жарамсыз.

Кері қайту үшін стадионның тұрағында және «Астана Арена» стадионы» аялдамасында Қабанбай батыр даңғылының бойында жоғарыда аталған алты мекен жай бойынша арнайы рейстік автобустар, сондай-ақ, № 10, 12, 27, 28, 30, 40, 43, 51, 61 бағдармен жүретін автобустар тұрады.

Айта кетейік, билеттерді сатудан түскен қаржының бір бөлігі қайырымдылыққа жұмсалады. Бүгінде 21 мыңнан астам билет сатылды.

astana.gov.kz/kk/modules/material/9584
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше