Астанада «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы бойынша 500 жуық жоба мақұлданды

Астана жаңалықтары: Астанада «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы бойынша 500 жуық жоба мақұлданды

2010 жылдан бастап осы күнге дейін бизнесті қолдау мен дамытудың «БЖК-2020» бірыңғай бағдарламасы аясында жалпы құны 84,5 млрд. Теңгені құрайтын 480 жобаға қолдау көрсетілді, соның ішінде 2015 жылы жалпы сомасы 12 млрд. теңге болатын 67 жоба мақұлданды.

Несие бойынша сыйақыны субсидиялау (бағдарламаның 1 және 3 бағыттары) үшін жалпы сомасы 81,6 млрд. теңгенің 425 жобасы, соның ішінде 11,9 млрд. теңгенің 64 жобасы 2015 жылы мақұлданды.

Несиелерге жартылай кепілдік беру бойынша жалпы кепіл сомасы 3,6 млрд. теңгені құрайтын 89 жоба, соның ішінде 2015 жылы – 1,1 млрд теңгені құрайтын 35 жоба мақұлданды. «БЖК-2020» бағдарламасы аясында жетіспейтін инфрақұрылымды тарту үшін кепіл сомасы 2,7 млрд. теңгені құрайтын 35 жоба, соның ішінде 2015 жылы жалпы сомасы 81,8 млн. Теңге болатын үш жоба мақұлданды.

Гранттық қаржыландыру бойынша жалпы сомасы 59 млн. теңгені құрайтын 20 жоба, соның ішінде 15 млн. теңгенің 5 жобасы 2015 жылы мақұлданды.

Соның нәтижесінде, қалалық кәсіпорындарда бұрынғы 8 мыңнан астам және 4 мыңнан артық жаңа жұмыс орны сақталды (соның ішінде 2015 жылы 700-ден артық жұмыс орны сақталып, 500 артық жаңа жұмыс орны құрылмақ), бұл ретте бюджет кірісіне 6 млрд. теңге көлемінде салықтық төлем жасалды.

astana.gov.kz/kk/modules/material/9581
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше