Елордада 72 жас отбасы баспаналы болды

Астана жаңалықтары: Елордада 72 жас отбасы баспаналы болды

Бүгін, 9 желтоқсанда, Астана әкімі Әділбек Жақсыбеков баспана алған 72 жас отбасын құттықтады. Елорда әкімдігінде Өңірлерді дамыту — 2020 бағдарламасы аясында салынған жаңа пәтерлердің кілтін табыс ету салтанаты өтті.

Қала басшысы отбасыларды осынау атаулы күнмен құттықтап, мемлекеттің әлеуметтік міндеттемелері жұмыстың басты басымдығы болып табылатынын және толық көлемде орындалатынын атап өтті.

«Бүгін Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні қарсаңында 72 жас отбасы пәтер кілтіне ие болуда. Жас отбасыларға арналған тұрғын үй құрылысының жаңа бағыты тікелей Президенттің тапсырмасымен әзірленді. Мемлекет бұл мәселеге әрқашан көңіл бөліп, барынша қолдау көрсетіп келеді. Сіздерді бүгінгі қуанышпен шын жүректен құттықтаймын! Жаңа қоныстарыңыз береке мен қуанышқа тола берсін!» — деді Ә. Жақсыбеков.

Соңғы жылдары әлеуметтік бағдарламалар бойынша 4,5 мың астаналық баспаналы болды. 2014 жылы елордада жас отбасыларға арналған тұрғын үй бағыты бойынша 672 пәтер бөлінді. Бүгінде 211 отбасы үйлеріне көшсе, 72 отбасы Астана қ., С 409 көше, 43, 45, 47 үйлер мекенжайында орналасқан «Сарыбұлақ өзенінің бойында Тілендиев даңғылының оңтүстігіне қарай» пайдалануға берілген тұрғын үй кешеніне қоныстанады.

Жас отбасыларға арналған қалған 389 пәтер тұрғын үй комиссиясының алдағы отырысында (пәтерлерді Тұрғын үй басқармасында тіркеу процедурасы аяқталады) үлестірілетін болады.

Жалпы, Өңірлерді дамыту — 2020 бағдарламасы аясында тұрғын үй өткізудің негізгі бес бағыты қарастырылған, соның ішінде ескі және апатты жағдайдағы үйлерді бұзу пилоттық жобасы да бар. Аталған жоба аясында 3 500 отбасы жаңа үйлерге көшірілмек.

Астана жаңалықтары: Елордада 72 жас отбасы баспаналы болды

Астана жаңалықтары: Елордада 72 жас отбасы баспаналы болды

Астана жаңалықтары: Елордада 72 жас отбасы баспаналы болды

astana.gov.kz/kk/modules/material/9573
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше