Елордада Бірыңғай төлем құжатымен төлем жасауға арналған жаңа кассалар ашылды
Халыққа қызмет көрсету сапасы мен жеделдігін арттыру мақсатында «Астанаэнергосбыт» ЖШС сервистік орталықтарында Бірыңғай төлем құжаты (БТҚ) бойынша төлемдерді қабылдайтын қосымша 6 касса ашылды. Қазіргі кезде қалада 8 сервистік орталықта 24 касса жұмыс істейді: Абай даңғылы, 45, Қажымұқан к-сі, 6, Абылай хан даңғылы, 49, Жеңіс даңғылы, 51/1, Сарайшық к-сі, 9, Мыңарал к-сі, 3, Тұран даңғылы, 19/1, және Б. Момышұлы даңғылы, 4.
Сонымен қатар, Тұран даңғылы, 19/1, Абай даңғылы, 45, Қажымұқан к-сі, 6, Абылай хан даңғылы, 49, Одинцов к-сі, 3, және Жеңіс даңғылы, 51/1 мекен жайлар бойынша қосымша кассалар өз жұмысын бастады.
Қосымша пункттердің ашылуы кезекті азайтуға және төлемдерді қабылдау жылдамдығын арттыруға мүмкіндік береді. Қосымша кассаларды ашудың басты артықшылығы БТҚ бойынша комиссиясыз төлем жасау болып табылады.
Еске салайық, үстіміздегі жылдың қазан айынан бастап Астанада Бірыңғай төлем құжаты енгізілді. Жаңа құжатта «Астанаэнергосбыт» ЖШС және «Астана-ЕРЦ» ЖШС квитанцияларында болған қызметтер біріктірілген. Қазіргі заманғы шоғырландырылған төлем жүйесі барлық коммуналдық қызметтер үшін қала тұрғындарының уақыты мен комиссиялық шығындарға жұмсалатын ақшасын үнемдеп, бір квитанциямен төлеуге мүмкіндік береді.
astana.gov.kz/kk/modules/material/9568
1 пікір