Астанада 70 мүмкіндігі шектеулі жан жұмысқа орналастырылды

Астанада мүмкіндігі шектеуле жандарды қолдауға, оларды жұмыспен қамтуға және қоғамдық өмірге тартуға ерекше көңіл бөлінеді.

Жыл басынан бері мүмкіндігі шектеулі 250 жан жұмысқа орналасу бойынша көмек сұрап Астана қаласының Жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасына жүгінген. Бүгінгі таңда 72 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды, 96-сы төленетін қоғамдық жұмыстарға қабылданды, 28-і «Әлеуметтік жұмыс орындары» бағдарламасына қатысуда, және бесеуі «Жастар практикасы» бағдарламасы бойынша жұмысқа кірісті.

Бұдан басқа, қазіргі кезде мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа қабылдауға міндеттейтін механизм, мүгедектерге арналған жұмыс орындарына квота беру жүйесі бар.

Бүгінгі таңда елордада жұмыс берушілермен бос орындар ұсыну немесе жұмысқа қабілетті мүгедектер үшін арнайы жұмыс орындарын құру бойынша өзара іс-әрекетті күшейту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бекітілген «Астана қаласының халқын жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету жөніндегі кешенді жоспары — 2015», сондай-ақ, «Жұмыспен қамту жол картасы — 2020» бағдарламасын іске асыру мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмысқа орналастыру мен әлеуметтік бейімдеу бойынша жұмыстарды күшейтуге септігін тигізді.

astana.gov.kz/kk/modules/material/9566
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше