E-gov арқылы шағым жазу

Алматыдағы Сәтпаев көшесінің бойына (Наурызбай батырмен қиылысы) көлік қоятын жаңа қалташа пайда болысымен-ақ біреулердің иемденіп алғанын байқап едім. Сол маңайдағы фирмалардың бірі болса керек. Әрине, клиенттік сервис деген жақсы ғой, бірақ қоғамға арналған орынды жекеменшік қылып алуға болмайды.

Блог - patick: E-gov арқылы шағым жазу
Бұрыннан бір осындай жағдайды күтіп жүр едім, мақсаттарымның бірі — E-gov жүйесінің бұқарамен жұмысты қалай жасайтынын анықтау.

Арыз-шағымдар Word файлда алдын-ала жазылып, тіркеу күйінде жіберіледі екен. Фотоматериалдар да солай. Менің 19.11. күні жіберген хатым ертеңіне қаралып, орындауға жіберілген.
Блог - patick: E-gov арқылы шағым жазу
Жауабы 03.12 күні келді, нәтиже бар — арызым толықтай қанағаттандырылған. Маған келген хаттың мазмұны осындай:
Блог - patick: E-gov арқылы шағым жазу
Биылғы жылдың қыркүйек айына дейін электронды қолтаңбам болған жоқ. Әкімдік сайтына, немесе полиция сайтына жіберген өтініштерімнен жауап бола бермейтін. Ал E-gov-та жіберген хатыңның қаралу, орындалу барысын бақылап отыруға болады. Сәйкесінше жауап та келетініне сенімді боласың. Арыз-шағым рәсімдеудің еш қиындығы жоқ, егер сертификат арқылы авторизациядан өтсеңіз, жоғарыдағы менюде (аты-жөніңіз көрсетілген) «Электрондық өтініштер» сілтемесін басамыз. Сол жерден өтініш жіберу формасы ашылады, қажетті органды тізімнен таңдап, уорд форматта жазылған өтінішті және фотоматериалдарды тіркеп жібереміз.

Ең бастысы арыз мәтінінде жазылған мәселе нақты (кіріспе-толғауларсыз), тиісті мекен-жайлары мен орындары анық көрсетілген, нені талап ететініңіз дұрыс жазылған болуы керек.

P.S. Жоқ, бұны стукачество деп санамаймын. Егер бұндай нәрсеге арыңыз бармаса Қазақстанда ешқашан оң өзгерістер болмайды. Интернет парақтарында ұлтым, дінім деп қа… м жегеннен гөрі бұл әлдеқайда пайдалы іс деп есептеймін.
Бөлісу:

5 пікір

asaubota
ЕЦП алып ал. біраз нәрсеге қолдануға болады екен
patick
алып алғанмын ғо енді