Қалалық мәслихатта Астананың 2015-2017 жж. арналған бюджетіне өзгерістер енгізу мәселесі қаралды

Бүгін бесінші шақырылымдағы қалалық мәслихаттың кезектен тыс сессиясы өтті. Күн тәртібіне Астананың 2015-2017 жж. арналған бюджетіне өзгерістер енгізу мәселесі шығарылды.

Елордалық бюджетті нақтылау республикалық бюджетті айқындаумен байланысты жүргізіледі. Отырыс барысында қалалық Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Жанат Нұрпейісов баяндама жасады.

Республикалық бюджетті нақтылау аясында елордада 6 млрд. 600 млн. теңге көлемінде қосымша қаржы бөлінді, соның ішінде 1 млрд. 900 млн. теңге — трансферттер, 4 млрд. 600 млн. теңге — несие.

Бұдан басқа, пайдаланылмаған қаржыны іштей қайта үлестіру және республикалық бюджетке қайтару жасалды. Бюджетті нақтылау барысында жергілікті бюджеттің өз кірісі бойынша табыс бөлігі 221,7 млн. теңгеге ұлғаймақ.

Бюджет қаражатын игеруді мониторингтеу қорытындысының негізінде іштей қайта үлестіру арқылы жекелеген бюджеттік бағдарламалар бойынша тағайындаудың жылдық жоспарлары қайта қаралды.

Айта кетейік, үстіміздегі жылдың 1 желтоқсандағы жағдай бойынша өз кірісі бойынша түсім 167 млрд. 586 млн. теңгені немесе бекітілген жоспардың 101,6% құрады. Өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда түсім 22 млрд. 135 млн. теңгеге артты. Мәслихат сессиясында салық түсімдері бойынша жылдық болжамды 221,7 млн. теңгеге ұлғайту, сондай-ақ, нақты түсімдерге сәйкес жекелеген қаржы көздері бойынша 795,5 млн. теңге жылдық болжамдарды қайта үлестіру ұсынылды.

«Алматы», «Сарыарқа» және «Есіл» аудандарының әкімі аппараттарына «Балапан» бағдарламасын іске асыру үшін республикалық бюджеттен қосымша, сәйкесінше, 40,6 млн. теңге, 190,7 млн. теңге, 143,6 млн. теңге бөлінді.

Отырыс барысында 362 млрд. 472 млн. теңге көлемінде өзгерістер енгізу, бекітілген бюджетті 22 млрд. 283 млн. теңгеге ұлғайтуды қоса есептегенде шығатын қаланың нақты бюджеті айтылды. Бұл ретте өз кірісі бойынша түсім 182 млрд. 502 млн. теңгені және трансферттер – 145 млрд. 101 млн. теңгені құрады.

astana.gov.kz/kk/modules/material/9545
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше