Астанада көше-жол желілерінің жағдайы тексерілуде

Астана жаңалықтары: Астанада көше-жол желілерінің жағдайы тексерілуде

Елордалық полицейлер Автомобиль жолдары басқармасының өкілдерімен бірлесіп, көше-жол желілерін пайдаланудың және жол қозғалысын ұйымдастырудың техникалық құралдарының жай-күйіне тексеру жүргізіп жатыр. Мүмкіндігі шектеулі жандар баратын және жұмыс істейтін жерлерде реттелетін жол қиылыстарына рейдтік іс-шаралар өткізілуде.

Акция аясында қала тұрғындары мен қонақтары қауіпсіз жол қозғалысын қалыптастыру, дыбыстық сигналдары бар таймерлер орнатылған бағдаршам нысандарын орнату, медициналық мекемелер, сауда орталықтары, вокзал, әуежай және т.б. адамар көп жиналатын орындардың жанына мүмкіндігі шектеулі жандар үшін жеткілікті тұрақ орындарын жасау туралы ұсыныстарын жеткізді.

Акцияныңмақсаты мүмкіндігі шектеулі жандар үшін қолжетімді орта қалыптастыруға қоғам назарын аудару, осы санаттағы жол қозғалысына қатысушыларға сыпайы қарым-қатынас жасау қажеттілігі және олар үшін жолда тең мүмкіндікті қамтамасыз ету болып табылады.

Акцияға сондай-ақ, елорданың денсаулық сақтау және білім беру басқармаларының, Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының, Қызыл Жарты ай қоғамы мен Қазақстан мүгедектер ұйымы одағының өкілдері қатысуда.

astana.gov.kz/kk/modules/material/9539
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше