ҚР Тұңғыш Президенті күні Астанада 70-ке жуық нәресте дүниеге келді

Астана жаңалықтары: ҚР Тұңғыш Президенті күні Астанада 70-ке жуық нәресте дүниеге келді

Елордада Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні дүниеге келген нәрестелерге құрмет көрсету игі дәстүрге айналды. Сонымен, Астанада 1 желтоқсанда 67 нәресте, соның ішінде 30 ұл және 37 қыз (оның екеуі егіз) дүниеге келді.

ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай сәбилерге сыйлықтар табысталды. Атап айтқанда, жаңа туылған нәрестелерге арналған балалар костюмдері мен жас аналардың балаға дұрыс күтім жасауына, емізуден бастап одан әрі дамуын қадағалауға көмек беретін ата-аналарға арналған «Қуан, сәби» оқу құралы берілді.

Айта кетейік, елорданың перинаталдық орталықтарында күн сайын орта есеппен 65-70 сәби дүние есігін ашады. Жыл басынан бері қала халқының жалпы туу көрсеткіші 4%-ға өсті, мың адамға шаққанда 29,78-ді құрады.

astana.gov.kz/kk/modules/material/9535
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше