2016 жылы Астанада қатты тұрмыстық қалдықтар полигоны кеңейтіледі

Астана жаңалықтары: 2016 жылы Астанада қатты тұрмыстық қалдықтар полигоны кеңейтіледі

Астанада қалдықтарды басқарудың өңірлік бағдарламасын әзірлеу жұмыстары жүргізілуде. Елорданың қоқыс өңдеу кешені Астана-Павлодар тас жолының алтыншы шақырымында орналасқан. Қатты тұрмыстық қалдықтар (ҚТҚ) полигонының 1-ші ұяшығы аумағында жиналған қалдықтардың жалпы көлемі 2,7 млн тоннаны құрайды. Ұяшықтар 2016 жылы әбден толады деп күтілуде. Қазіргі кезде келер жылы тапсырылатын ауданы 15,1 га екінші ҚТҚ полигонын салу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Жыл басынан бері Астана қаласында жиналған қалдық көлемі 516 мың тоннадан асты, соның ішінде 356 632 тоннасы — қатты тұрмыстық қалдық. 2014 жылы жалпы қалдық көлемі 570 мың тоннадан артық болса, 2013 жылы 462,7 мың тоннаны құрады.

Қазіргі кезде Астанада ҚТҚ жинау және шығару жұмыстарымен «Астана Тазарту» ЖШС және «Таза Әлем-Астана» ЖШС айналысады. Кү сайын қала аумағынан коммуналдық қалдықтарды шығаруға 85 бірліктен астам мамандандырылған техника жұмылдырылады, 800-900 тонна ҚТҚ шығарылады.

2012 жылдың желтоқсан айынан бастап қала аумағынан жиналған қоқыс көлемі «Алтын-ТЕТ» ЖШС қалдық өңдеу кешеніне жеткізіледі. Бұл жерде қалдықтарды сұрыптау және екінші шикізатқа өңдеу қарастырылған.

Зауыт жұмыс істеп тұрған кезден бері қалдық өңдеу кешеніне 296 мың тонна ҚТҚ шығарылды, оның ішінде 115 мың тонна ҚТҚ азайтылды, қайта өңдеуге 30,7 мың тонна шығарылды.

Айта кетейік, Астана қаласында қалдықтарды қайта өңдеуді тереңдетуді арттыру бойынша Мемлекет басшысының 2014 жылғы 25 сәуірдегі тапсырмасын орындау мақсатында, сондай-ақ, елордада қалдық өңдеу саласының инвестициялық тартымдылығын арттыру үшін Астана қаласының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы қалдықтарды басқару жөніндегі өңірлік бағдарламаны әзірлеп жатыр. Осылайша, Астана қаласында қалдық өңдеу зауытын салу бағдарламасын әзірлеу 2016 жылдың екінші тоқсанында инвесторды анықтау жөніндегі халықаралық конкурс өткеннен кейін аяқтау жоспарланған.

astana.gov.kz/kk/modules/material/9536
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше