Астанада ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған мерекелік концерт өтті

Астана жаңалықтары: Астанада ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған мерекелік концерт өтті

1 желтоқсанда Астанада Тұңғыш Президент күнін мерекелеу аясында бірқатар салтанатты іс-шаралар өтті. Негізгі мәдени оқиғалардың бірі Қазақстан эстрадасы жұлдыздары мен еліміздің жетекші музыкалық және би ұжымдарының қатысуымен «Қазақстан» орталық концерт залында өткен «Тұлға. Елбасы. Тарих» атты мерекелік концерт болды.

Мемлекет басшысының егемен Қазақстанның қалыптасуындағы рөлі концерттің өн бойындағы негізгі лейтмотиві болды. Астана қаласы Мемлекеттік академиялық филармониясының қазақ халық аспаптар оркестрі мен симфониялық оркестрі, Қазақ ұлттық өнер университетінің «Шабыт» шығармашылық ұжымдары орындаған шығармалардың, хореографиялық қойылымдар мен патриоттық музыкалық нөмірлердің көмегімен қазақстандықтардың негізгі құндылықтары — халықтың бірлігі мен ұлтаралық келісім, бейбітшілік пен тұрақтылық, дәстүр мен болашаққа ұмтылыс, «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы берілді. Қазақстан халқы Ассамблеясы Қазақстан халқының поппури билері нөмірі арқылы көрсетілді.

Елордада Тұңғыш Президент күнін мерекелеу аясында мәдениет мекемелерінде 20-дан астам іс-шара жоспарланған. Мереке қарсаңында елорданың Конгресс Холл сахнасында 30 қараша күні Астана қаласы әкімдігінің Мемлекеттік академиялық филормониясының жетекші шығармашылық ұжымдарының қатысуымен «Мәңгілік ел» атты концерті, 2 желтоқсанда «Орда» тобының концерті өтеді. Қала театрларында концерттер мен спектакльдер жоспарланған. Атап айтқанда, 1 желтоқсанда «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрында «Елім деп соққан жүрегі» мерекелік концерті, М.Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрында Б.Жандарбековтың «Томирис — сақ патшайымы» пьесасы бойынша эпикалық драма қойылды. Сондай-ақ, қаланың барлық кітапханаларында бір ай бойы Тұңғыш Президент күніне арналған кітап көрмелері, тақырыптық сөрелер, панорама көрмелері, кітап көрмесінің шолулары өтеді.

astana.gov.kz/kk/modules/material/9527
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше