Астана әкімі Ә.Жақсыбековтың ҚР Тұңғыш Президенті күнімен құттықтауы

Құрметті астаналықтар және қала қонақтары!

Сіздерді 1 желтоқсан — Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл күн бүгінде халық болып тойлайтын маңызды мерекеге айналды. Мұның бәрі елімізде жемісті жүзеге асырылып жатқан реформалар мен мемлекетіміздің тұрақты дамуымен байланысты. Тәуелсіздік жылдары еліміз барша әлем санасатын іргелі елге айналды. Осынау игі істің басында Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың салиқалы саясаты жатыр. Мемлекет басшысының төл туындысы — Еуразияның жүрегінде бой көтерген арайлы Астанамыз да қазақстандықтардың мақтанышына, еліміздің дамуының символына айналды. Осы мереке жаңа табыстар мен жарқын істердің ұйытқысы бола берсін!

Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға бақ пен береке, еңбектеріңізге толағай табыс тілеймін!

Құрметпен, Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбеков

astana.gov.kz/kk/modules/material/9523
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше