Астанада «Кәсіптік білім және бизнес: әріптестер сұхбаты» VII халықаралық форумы өтеді
12 қарашада Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ұйымдастыруымен «Назарбаев университеті» дербес білім беру ұйымының ғимаратында «Кәсіптік білім және бизнес: әріптестер сұхбаты» VII халықаралық форумы өтеді.
Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Форумға Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Дариға Назарбаева, кадрларды даярлаудың өзекті мәселелері бойынша ҚР Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов, «Қазақмыс» корпорациясы ЖШС-нің директорлар кеңесінің төрағасы Эдуард Огай, TVET UK атқарушы директоры Мэтью Андерсон, Түркия Республикасының Үкіметі жанындағы Ынтымақтастық және үйлестіру агенттігінің Қазақстандағы өкілдігінің төрағасы Мехмед Бодур, Ресей орта арнайы оқу орындары директорлары кеңесінің президенті Виктор Демин қатысып, сөз сөйлейді.
Сонымен қатар, форум жұмысына Германия, Финляндия, Ұлыбритания, Польша, АҚШ, Оңтүстік Корея, Белоруссия, Ресей, Өзбекстаннан халықаралық сарапшылар, ЕуроОдақ, Дүниежүзілік банк, Британ Кеңесі, PISA (Ұлыбритания), GIZ (Германия) және ұлттық шетелдік компаниялар мен холдингтар, Қазақстанның салалық ассоциациялар өкілдері, жұмыс беруші әлеуметтік әріптестер және тағы басқалар қатысады. Форумның барлық қатысушылар саны — 700 адам.
Форумға қатысушылар еңбек нарығына бәсекеге қабілетті және сұранысқа ие мамандар даярлауда серіктестікті тиімді дамытуда тәжірибемен бөліседі, Индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде кадрлар даярлау, техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіне жаңа инновация әдістерін пайдалану мен заманауи механизмдерін талқылайды.
Форум шеңберінде «Шеберлер қаласы» көрмесі және техникалық және кәсіптік білім беру саласының ардагерлерін, «World Skills International» халықаралық көрме жеңімпаздарын, сондай-ақ өңірлік кәсіпкерлер палатасы өкілдерін марапаттау рәсімі өткізіледі.
inform.kz/kaz/article/2838235

Пікір жоқ әзірше