Елдің саулығы үшін халықтың оң бағасын алу маңызды – Д.Назарбаева

Астана жаңалықтары: Елдің саулығы үшін халықтың оң бағасын алу маңызды – Д.Назарбаева

Медициналық қызмет сапасын арттыру және халықтың сұранысын қанағаттандыру – еліміздің денсаулық сақтау саласының негізгі міндеті,- деп мәлімдеді елорда әкімдігінде өткен кездесу барысында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Дариға Назарбаева.

Астана әкімдігінің ғимаратында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Дариға Назарбаеваның, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенованың және Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбековтің қатысуымен «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының және «2016-2019жж. арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы жобасының қорытындылары туралы кеңес өтті.

— Мемлекет медицина мен денсаулық сақтау ісіне өте көп қаражат бөлді. Сондықтан да бізге жақын өңірлеріміз, мысалы, Ресей мен Қытайды алып қарасаңыз, бұл өңірлерде біз үшін әрі қарай даму, бүгінгі күні медициналық қызмет көрсету сапасын көтеру үшін біздің орасан зор мүмкіндіктеріміз бар. Ең алдымен, қазақстандықтардың оң бағасын алу — бүгінгі күні біздің әрқайсымыз үшін басым міндет,- деп атап өтті Д.Назарбаева.

— Біз үнемі медициналық қызмет көрсету сапасына, медициналық көмектің қолжетімділік деңгейіне қатысты шағымдарды жиі естиміз. Жалпы алғанда көңіл толмаушылық деңгейінің жоғары екені байқалады. Мұның үстіне екі жақ та — дәрігерлер де, азаматтар да риза емес. Ақырында азаматтар шетелге кеткісі келеді. Шетелдің медициналық қызметін алғанды артық көретін адамдар саны барған сайын көбейіп бара жатқанын білесіз бе? Қандай жолмен болса да қаржы табады, кезекте тұрады, — Премьер-Министрдің орынбасары осындай пікір айтты.

Бұл орайда вице-премьер құрылып жатқан Міндетті медициналық сақтандыру қоры медициналық мекемелер мен дәрігерлерді рейтинг үшін күресуге, халықаралық аккредитация алуға қол жеткізуге және жалпы алғанда, көрсетілетін қызмет сапасын арттыруға ынталандыратынына сенімді.

Сонымен қатар ол денсаулық сақтау мекемелерінде қолайлы психологиялық ахуал қалыптастыруға баса назар аударды.

— Медициналық қызмет көбінесе кәсіби білікті көрсетілгеніне және пациентті жақсы қабылдағанына қарамастан, медициналық мекемелердегі психологиялық ахуалға да көп мәселе байланысты. Көбінесе адамдар медициналық қызметкерлер тарапынан көрсетілетін нашар, арсыз қарым-қатынасқа қатысты шағым айтады. Мен жылы сөздің, дәрігердің ықыласының емдеу барысында табысқа жетуде үлкен орын алатыны ешкімге құпия емес деп ойлаймын,- деді Д.Назарбаева.

astana.gov.kz/kk/modules/material/9416
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше