Астанада жаңа көкөніс сақтау қоймасы ашылды

Астана маңайындағы елді мекендердің тұрғындарын, елорда тұрғындарын азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін арнайы азық-түлік белдеуі құрылды, оған іргелес жатқан өңірлердің ауыл шаруашылық кәсіпорындары кіреді.

Бүгінгі күні қалада жалпы сақтау сыйымдылығы 29 мың тонна болатын көкөніс сақтауға арналған жеті қойма жұмыс істейді. Алайда әзірге көкөністің мұндай 60 мың тонна көлемі халықтың қажеттіліктерін толығымен жаппайды. Қалған қажеттілікті жабу үшін қазіргі кезде 14,4 мың тоннаға есептелген төрт көкөніс сақтау қоймасы салынып жатыр, олардың біреуі осы жылы пайдалануға дайын.

Астана қ. «АмалА2009» ЖШС директорының орынбасары Әбілов Талғат:

— Ғимарат осы жылы салынды, ол Қазақстанның жергілікті өндірушілерінен көкөніс пен жеміс-жидектерді қабылдап алуға толығымен есептелген. Әрқайсысының сыйымдылығы жеті мың тонна болатын бөлек орындардан тұрады. Біздің көкөніс сақтау қоймамызда Голландия өндірісі техникасы пайдаланылады. Көкөністер контейнерлерде сақталады. Көкөністер мен жеміс-жидектерді сақтауға арналған 10 секция бар, 6 секциясы тоңазытқыш жабдықтар, онда цитрус жемістері, қияр мен қызанақ сақталады.

Көкөністердің түрлеріне қарай сақтау температуралары әр түрлі, бірақ 0°С-ден аспайды. Көкөніс сақтау қоймаларының жабдықтары әр секцияда қажетті температураны қоюға, сонымен қатар орын-жайдағы ауаның ылғалдылығын бақылауға мүмкіндік береді. Көкөніс сақтау қоймаларында ауыл шаруашылық өнімдерін ұстау зиянды үйіп сақтау әдісімен салыстырғанда кемінде 20%-ға қысқаруға, сондай-ақ жылдың қыс мезгілінде әлеуметтік маңызы бар өнімдерге бағаны ұстап тұруға мүмкіндік береді. Көкөністердің басым бөлігі «Шапағат» коммуналдық базары арқылы сатылады.

Алайда көкөніс сақтау қоймалары жаз кезінде де бос тұрмайды. Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде жиналған мол өнім уақытша сақтау үшін тоңазытқыш камераларына жылдың ыстық мезгілінде неғұрлым ұзақ уақытқа салынады.

Астана халқының жеміс-жидек көкөніс өнімдерін сақтауға байланысты қалған қажеттілігі 2017 жылы жабылатынын еске саламыз.

astana.gov.kz/kk/modules/material/9417
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше