Астанада Әлеуметтік бейімделу орталығы жұмыс жасайды

Астана жаңалықтары: Астанада Әлеуметтік бейімделу орталығы жұмыс жасайды

Қала әкімдігінің жанында белгілі тұрағы жоқ адамдарға арналған Әлеуметтік бейімделу орталығының жұмыс істейтінін қалалықтардың барлығы бірдей біле бермейді. Мекеме 2001 жылдан бастап жұмыс істейді. Ұйым қызметкерлері мұқтаж адамдарға психологиялық көмек көрсетеді, медициналық тексеруден өткізеді, келушілерді киім-кешекпен қамтамасыз етіп, оларды тамақтандырады, сондай-ақ жұмысқа тұруына көмектеседі.

180 төсек-орынға есептелген күндізгі бейімделу бөлімінен басқа 50 адамға арналған түнгі баспана да жұмыс істейді.

Бүгінде орталықта 120 адам тұрып жатыр. Алайда оңалту жағдайындағы адамдар саны жыл мезгілдеріне қарай өзгеріп отырады. Астананың климаты суық, Орталықта қыс кезінде көмекке мұқтаж адамдар көбейеді. Олардың саны кейде 290 адамға жетеді.

Директордың әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Динара Шапинаның сөзіне қарағанда, ұйым Астана қ. ІІД-мен, қаланың үш ауданының тірек пункттерімен бірлесіп жұмыс жасайды, осындай ынтымақтастықтың арқасында көптеген адамдарға көмек қолын созу мүмкін болып тұр.

Астана қ. белгілі тұрағы жоқ адамдарға арналған әлеуметтік бейімделу орталығы директорының әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Динара Шапина:

— Әр күн сайын диспетчер барлық тірек пункттеріне, ПИК, вокзалға қоңырау шалады. Егер ондай адамдар болса, біздің қала бойынша 9:00-ден 22:00-ге дейін жұмыс істейтін мобильді әлеуметтік жасағымыз бар, олар адамдарды бізге алып келеді. Біз адамдарды бөлушілермен жұмыс жасаймыз, олар біздерге адамдарды алып келеді, біз оларға бұл адамдарды жеке басын анықтау үшін алып барамыз.

Егер баспанасыз қалған адам басқа қаладан келген болса, онда ол қаланың орталығында бір айға дейін тұра алады. Одан соң қызметкерлер олардың барлығын өз өңірлеріне жібереді.

Астана қ. белгілі тұрағы жоқ адамдарға арналған әлеуметтік бейімделу орталығы директорының әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Динара Шапина:

— Егер адам Целиноградта немесе Астанада тіркелген болса, онда мұндай адамдар бізде бір жылға дейін тұруға құқылы. Біз олардың жеке куәліктерін қалпына келтіреміз, сондай-ақ Жұмыспен қамту орталығы мен «Астана Тазалық» АҚ арқылы жұмысқа орналастырамыз.

Бейімделуден өткен адамдардың барлығы бірдей әлеуметтеніп, қалыпты өмір салтына қайтып оралмайды. Олардың көпшілігі көшелерге қайта оралады. Алайда олардың арасында дұрыс жолға түсіп, жұмысқа тұрып, өз өмірлерін өзгерткендері де бар. Сондай адамдардың бірі — Татьяна Жукова. Бұл әйел орталыққа алғаш рет 2010 жылы келді.

Татьяна Жукова, Астана қ. белгілі тұрағы жоқ адамдарға арналған әлеуметтік бейімделу орталығының қызметін алушы:

— Мұның барлығы менің ішкілікке үйірлігімнен болды. Мен ешкімге керек болмай қалдым. Біз жаңадан салынып жатқан үйге жүз пайыз төлем жасадық, бізді алдап кетті. Мен осында, орталықта тұрдым. Мүгедектер арбасымен осында түстім. Басшылық пен медицина қызметкерлерінің арқасында мен аяғыма тұрдым. Шын көңілден айтамын.

Қазір Татьяна Закиевна орталықта тазалықшы болып жұмыс жасайды. Зейнеткерлікке шықса да, бұл жерден кеткісі жоқ. Татьянаның айтуынша, бір кездері өзі тап болған жағдайға түскен адамдарға көмектескісі келеді.

Татьяна Жукова, Астана қаласының белгілі тұрағы жоқ адамдарына арналған әлеуметтік бейімделу орталығының көмегін алушы:

— Менің бұл жерден кетіп қалып, ішкен күндерім болды. Соңғы рет бұл жерге 2013 жылы келдім. Екі жылдан бері ішімдік ішпеймін. Сол жағалаудағы екі бөлмелі пәтерімді де қайтарып берді. Қазір сол жерде тұрып жатырмын. Мақсаты бар кез келген адамның сол мақсатқа жете алатынын айта аламын. Бастысы — ішімдік ішпеу, маған қарасаңыз, осы өмірде бәрі мүмкін.

Татьяна Жукова болашаққа жоспар құруда: жаңа пәтерін жиһазбен жабдықтағысы келеді. Бұл адам Орталық қызметкерлерінің өзіне өмірін жаңадан бастауға мүмкіндік бергені үшін алғыс айтудан танбайды.

Татьяна Жукова, Астана қаласының белгілі тұрағы жоқ адамдарына арналған әлеуметтік бейімделу орталығының көмегін алушы:

Менің біздің басшылыққа алғысым шексіз. Айтуға сөзім жетпейді, тұрып алып, иіліп тағзым еткім келеді. Түсінесіз бе, бұл жерде орталықтың әр тұрғынымен «сіз» деп сөйлеседі. Белгілі тұрағы жоқ адамдарға арналған әлеуметтік бейімделу орталығының қызметкерлері барлық қала тұрғындарын бірлесіп жұмыс жасауға шақырады.

Егер сіздер астана көшелерінен белгілі бір тұрағы жоқ адамдарды кездестірсеңіздер, «Астана қаласының белгілі тұрағы жоқ адамдарға арналған әлеуметтік бейімделу орталығы» ММ-ге тәулік бойына 56-13-48 нөміріне қоңырау шалыңыздар.

astana.gov.kz/kk/modules/material/9412
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше