Астанада бос орындар жәрмеңкесі өтеді

18 қарашада сағат 10:00-ден 13:00-ге дейін Астана қ. Бейбітшілік көшесі, 25 мекенжайында орналасқан Жұмыспен қамту орталығында бос орындар жәрмеңкесі өтеді, оған қатысушылар қатарынан бірнеше жұмыс берушімен әңгімелесе алады.

Астана қ. Жұмыспен қамту орталығы хабарлағанындай, бұл жәрмеңкеге елорданың 25 жұмыс берушісі қатысады, 200 бос жұмыс орны ұсынылады.

Іс-шара барысында Жұмыспен қамту орталығының мамандары «Жол картасы 2020» бағдарламасына қатысу мәселелері бойынша консультациялар беріп, жастар тәжірибесіне қатысу, әлеуметтік жұмыс орындарына және ақылы қоғамдық жұмыстарға орналасу туралы айтып береді.

Үстіміздегі жылдың 10 айының қорытындысы бойынша Астанада 15 185 жаңа жұмыс орны құрылғанын атап өткіміз келеді. Жұмыссыздарды орналастыру үшін 12 бос орындар жәрмеңкесі өткізілді.

astana.gov.kz/kk/modules/material/9418
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше