Жыл басынан бері "Жұмыспен қамту жол картасы - 2020" аясында 3 мыңнан аса адам жұмысқа орналастырылды
«Жұмыспен қамту жол картасы — 2020» бағдарламасының «Инфрақұрылым мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту есебінен жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету» бірінші бағыты бойынша ағымдағы жылдың 1 қарашасындағы жағдай бойынша 8 нысанда жұмыстар аяқталды деп хабарлайды Астана қаласы Жұмыспен қамту орталығы. № 1 қалалық балалар ауруханасы, №2, 3 және 9 қалалық емханалар, № 10 мектеп-гимназия, № 40 орта мектеп, Астана қаласы әкімдігінің «Белгілі тұрағы жоқ адамдарға арналған әлеуметтік бейімделу орталығы» КММ қазіргі кезде толық режимде жұмыс істеуде.
Бұдан басқа, № 3 қалалық емхана жанындағы жалпы практикалық дәрігерлер бөлімінде және «Демеу» отбасылық медицина оқу-практикалық орталығында жөндеу жұмыстары жалғасуда. Жыл басынан бері бағдарламаның арқасында барлығы 144 адам, оның ішінде Жұмыспен қамту орталығының жолдамасы бойынша – 72 адам жұмысқа орналастырылды.
Сонымен қатар бағдарлама аясында «Жұмыс берушінің қажеттіліктері аясында оқыту және көшіру арқылы жұмысқа орналасуға жәрдемдесу» бағыты бойынша жыл басынан бері 3 117 адам орналастырылды. Олардың 783-і мемлекеттік қолдау шараларымен қамтылды: жастар тәжірибесіне 586 бітіруші жіберілді, әлеуметтік жұмыс орындарына 115 адам орналастырылды, қайта даярлау курстарына 82 жұмыссыз жіберілді.
Жұмыспен қамту орталыңының хабарлауынша, өтініш берген адамдардың 34 %-ы қызмет көрсету және сауда салаларына; 22%-ы денсаулық сақтау саласына; 16%-ы өнеркәсіпке; 12%-ы құрылысқа; 10%-ы білім беру саласына және 6%-ы басқа қызмет салаларына орналастырылған.
astana.gov.kz/kk/modules/material/9410
Пікір жоқ әзірше