Астанада азаматтық қызметшілердің еңбекке ақы төлеудің жүйесінің жаңа моделі ұсынылды
2016 жылғы 1 қаңтардан бастап бюджет саласының қызметкерлерінің еңбекақысын жаңа жүйе бойынша есептейді, ол азаматтық қызметшілердің қызметтерін біліміне, біліктілігіне, атқаратын жұмыстарының күрделілігі мен жауапкершілігінің деңгейіне байланысты төрт санат бойынша қарастырады. Бұл туралы бүгін астананың бюджет саласының қызметшілерімен кездесу барысында Қазақстан денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова мәлімдеді.
А блогі деп аталатын Басқару блогына басқару шешімдерін қабылдайтын қызметкерлер жатады, яғни бұған құрылымдық бөлімшелердің, ұйымдардың басшылары мен басшыларының орынбасарлары жатады.
Негізгі блок қызметкерлеріне дәрігерлер, мұғалімдер, ғылыми қызметкерлер, әлеуметтік қызметкер, жоғары оқу орындарының оқытушылары және негізгі қызметтерді орындайтын басқа мамандар жатады. Мұндай қызметкерлер үшін лауазымдық жалақысы мынадай үш қызмет түрі бойынша сараланады: «денсаулық сақтау», «білім беру», «басқа салалар»
Үшінші блок әкімшілік қызметкерлері. Бұл санатқа әкімшілік-құқықтық және шаруашылық қызметтерді атқаратын қызметкерлер жатады. Қызметтің бұл блогына заңгерлер, бухгалтерлер, экономистер, аудармашылар, шаруашылық қызметтерінің меңгерушілері және басқалары жатады.
Төртінші қосалқы және техникалық қызметтерді жүзеге асыратын қосалқы қызметкер. Қызметтің бұл блогына іс жүргізушілер, мұрағатшылар, кассирлер, коменданттар, хатшылар жатады.
Тамара Дүйсенқызы сондай-ақ, еңбекке ақы төлеу жүйесінің жаңа моделін енгізу нәтижесінде біліктілігіне байланысты негізгі қызметкерлердің де жалақысын: денсаулық сақтау саласында 7-ден 28%-ға дейін, білім беру саласында 15-тен 29%-ға дейін, басқа салаларда 28-ден 40%-ға дейін саралап көтеру күтілетіндігін мәлімдеді. Бұл жағдайда еңбекақыны көтеру қызметкердің білімі, біліктілігі және жұмыс өтіліне байланысты болады.
Министр сондай-ақ, астаналықтарға 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» денсаулық сақтау мемлекеттік бағдарламасын дамытуды жүзеге асыру және 2016-2019 жылдарға арналған жаңа ҚР «Денсаулық» денсаулық сақтау мемлекеттік бағдарламасын дамыту қорытындылары туралы айтты.
astana.gov.kz/kk/modules/material/9413
Пікір жоқ әзірше