Астана емханаларында ашық есік күндері өтеді
2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары аясында Астана қаласында жыл сайын 14 қарашада атап өтілетін Дүниежүзілік қант диабетіне қарсы күрес күніне орайластырылған іс-шара өтеді. Астана қаласы Денсаулық сақтау басқармасының деректеріне сәйкес, жыл басына елордада «диабет» диагнозымен 11 мың адам тіркелген.
Астана қаласы Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының эндокринолог дәрігері Жанар Ішімбаеваның сөзіне қарағанда, күн сайынғы стресс, қозғалу аз өмір сүру салты мен шаршап-шалдығу қант диабеті мен жүрек-қан тамырлары ауруларының өсуінің себебі болып табылады.
13 қарашада «Мега» СОО-да Дүниежүзілік қант диабетіне қарсы күрес күніне арналған акция өтеді. Елорда тұрғындары мен қонақтары қандағы қант пен холестерин деңгейін тексеріп, артериялық қан қысымын өлшете алады.
Бұдан бөлек, Астана қаласының барлық емханаларында қарашаның 10-ынан 18-іне дейін сағат 9.00-ден 12.00-ге дейін эндокринолог мамандардың кеңес беруімен ашық есік күндері өтеді. Бүгін № 3 қалалық емханаға дәрігерлердің консультацияларына баруға болады. Ертең, 11 қарашада, ашық есік күндері «Ниет» отбасылық денсаулық орталығында, 12 қарашада № 2, 7, 9 емханаларда өтеді. № 5, № 1 емханалардың мамандарынан 13 қараша күні кеңес алуға болады. Бұдан бөлек, науқастар 16 қарашада №4, 6, 10 емханалар, ал №8 қалалық емхана 18 қарашада күтеді.
Дүниежүзілік қант диабетіне қарсы күрес күні аясында медицина қызметкерлеріне арналған семинарлар, оқыту сабақтары өткізіліп, қант диабетінің алдын алу туралы жадынамалар, бүктемелер, кітапшалар, үндеухаттар таратылып, білім беру мекемелерінде жастарды салауатты өмір салтына тарту мақсатында семинар-тренингтер, дөңгелек үстелдер, сұрақтамалар өткізіледі.
astana.gov.kz/kk/modules/material/9411

1 пікір