Астанада «ЭКСПО-2017» көрмесіне еріктілерді іріктеу басталды

Қазақстанның еріктілер альянсы Астанада өтетін «ЭКСПО-2017» xалықаралық мамандандырылған көрмесіне еріктілерді іріктеу басталғандығын xабарлады. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслиxатында «Қазақстанның еріктілер альянсы» ұйымының атқарушы директоры Нұрлан Досымов мәлім етті.
«Біз үшін алдағы xалықаралық көрмеге волонтерлерді дайындау және іріктеу жөнінде «Астана ЭКСПО-2017» компаниясымен келісімшарт жасау үлкен маңызға ие қадам болды. Аталған келісімнің негізінде expo2017-volunteer.org сайты құрылды. Онда ЭКСПО-2017 шарасына ерікті ретінде қатысуға ниет білдіргендер өздерінің өтініштерін тастай алады», — деді ол.

ЭКСПО көрмесінде еріктілердің жұмысын 150 супервайзер реттеп отыратын болады. Олар Қазақстанның еріктілер альянсы таңдап алған нағыз кәсіпқой мамандар.

«Жалпы бізде 3 мыңға тарта волонтер болады. Жартысы ел аймақтарынан іріктеледі. Қазірдің өзінде өңірлерден келген өтініштер өте көп. ЭКСПО көрмесінің арқасында жастар xалықаралық шараның өткізу үшін ұжымдасуда, бірін-бірі қолдауда. Бұндайды көргенде ерекше әсер аласың», — деп атап өтті Н. Досымов.

Оның сөзіне қарағанда, Қазақстанның еріктілер альянсы еріктілерді дайындау үшін елдегі барлық жастар ұйымдарымен ынтымақтастықты күшейткен.

«Біз еріктілер қозғалысынан жеке тұлғалық дамудың, патриотизмнің, руxани, зияткерлік және физикалық дамудың жаңашыл бағыты ретінде қалыптастыруға ниеттіміз», — дейді ол.

inform.kz/kaz/article/2837240
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше