Ә. Жақсыбеков «Астана» футбол клубын чемпион атануымен құттықтады

Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбеков бүгінгі аппарат жиналысын «Астана» футбол клубы қазақстандық Премьер-Лигасында чемпиондық атақты екінші мәрте қатарынан жеңіп алуына орай құттықтаудан бастады.

— «Астана» командасы осымен екінші мәрте қатарынан чемпион болып отыр. Клубтың сәтті ойын көрсетуі жастар арасында үлкен қызығушылыққа ие болып отыр. Бұл жетістікті иделогиялық жұмыстар мен патриотизмді тәрбиелеуде пайдалану қажет», – деп атап өтті Астана қаласының әкімі.

Әкімнің айтуынша, футбол мен хоккей ойындары және басқа да спорттық шаралардың көбісі қоғамдық маңызды оқиғалар болып табылады. Бұл жастар арасындағы құндылықтардың қалыптасуына әсер етеді. Сонымен қатар бұқаралық спортты дамыту, ашық алаңдарды толық пайдалану, астаналықтар үшін қолжетімді болуы тиіс.

Еске салайық, елордалық футбол клубын алда үш маңызды ойын күтіп тұр. Атап айтқанда, 21 қараша күні «Астана Арена» стадионында өтетін Суперкубок финалында «Астана» футбол клубы «Қайрат» командасымен кездеседі. Сонымен қатар 25 қарашада Чемпиондар Лигасы топтық кезеңі аясында өз алаңында португалдық «Бенфика» тобын қабылдайды. Ал 8 желтоқсанда Стамбулда елордалық клуб «Галатасарай» түрік клубымен кездеседі.

astana.gov.kz/kk/modules/material/9408
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше