Астананың су қоймаларына жыл басынан бері 57 мыңнан астам балық жіберілді
Астана қаласы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы хабарлауынша, биылғы жылы биологиялық алуан түрлікті сақтау мен бектіліген табиғи аумақтарда биологиялық ресурстарды тиімді пайдалану мақсатында 57 мыңнан астам тұқыбалық жіберілді.
Бекітілген су қоймаларында балықтандыру бойынша шаралар өткізіліп, 57 700 балық жіберілген болатын.
Сонымен Қоянды су қоймасы 21 мыңға жуық айналы-алтайлық тұқыбалық сеголеткасы және Вячеславка су қоймасына 36 700 қазақстандық тұқыбалық сеголеткасымен балықтандыру жүргізілді.
Айта кетейік, жыл сайын өзендерге балық жіберу жұмыстары жүргізіледі. Былтырғы жылы Вячеславка су қоймасы 20 мыңға жуық ақ амур балығының шабақтары және 2 мыңдай тұқы балығының сеголеткаларымен балықтандырылса, Қоянды су қоймасында ақ амур балығының шабақтары мен тұқы балығының сеголеткалары сияқты бағалы балықтар жіберілген еді.
Су қоймасында елорда тұрғындары мен қонақтарына әуесқойлық балық ұйымдастырылды.
astana.gov.kz/kk/modules/material/9393
Пікір жоқ әзірше