Астанада «Жібек жолы» фестивалі аяқталды
25 қыркүйектен бастап елордалық театрдың басты сахнасында жетекші әлем театрының опера жұлдыздары өнерлерін көрсетті. Бұл уақыт аралығында елорда тұрғындары мен қонақтары қызықты концерттер мен қойылымдарды тамашалауға мүмкіндік алды.
Фестиваль күндері астаналық театрдың қонағы болған әлемдік опера жұлдыздары: баритон Джулио Боскетти (Италия), сопрано – Акико Хаякава (Жапония) және Катажина Мацкевич (Польша), тенорлар – Михаил Агафонов (Алмания), Михаил Векуа (Ресей), Нәжмиддин Мавлянов (Өзбекстан), дирижерлар: Джузеппе Акуавива (Италия), Коичи Иноуэ (Жапония), Дориан Уилсон (АҚШ).
Театр әртістері қазақстандық орындаушылар үшін осындай іс-шаралардың маңызды екенін айтып өтті. Солисттер, фестивальдің музыканттарға үлкен емтихан: әртүрлі елден келген әріптестермен бірлесіп жұмыс жасау, олардың шығармашылығымен танысу, тәжірибе алмасу – бұл да кәсіби шыңдалудың бір сатысы болғанын айтты.
Гала концертте Италиядан келген сырнайшы Нелло Сальца және маэстро Массимо Скапинаның басқаруымен «Астана Опера» театрының симфониялық оркестрі сырнайға арналған репертуардағы техникалық жағынан ең күрделі пьеса – Ж.Б. Арбанның «Венециялық карнавал» тақырыбындағы вариациясын орындайды. Сонымен қатар бағдарламада әлемдік опера классикасының жауһарлары ұсынылады.
Осы орайда «Астана Опера» театрының балеттік труппасы көркемдік жетекші, Ресейдің Халық әртісі Алтынай Асылмұратованың басшылығымен жаңа хореографиялық нөмірлер дайындады. Олардың ішінде итальяндық дель арте комедиялық халықтық театрының бетперде тақырыбындағы қызықты әрі ізгі қиял туралы Р. Дригоның «Арлекинада» балетінен па-де-де бар. Ц. Пунидің «Маркитантка» балетіндегі па-де-систі нәзік би техникасын және секірулердің көптігін бейнелейді. Жас хореограф Ксения Зверева біздің солисттерімізге арнап Ф. Шуберттің Скерцо атты музыкасына қазіргі заманға сай балеттік трио қойды.
Бас хормейстер – ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Ержан Дәуітов, дирижерлер – ҚР Еңбек сіңірген қайраткерлері Абзал Мұхитдинов, Айдар Абжаханов және Арман Оразғалиев.
astana.gov.kz/kk/modules/material/9395
Пікір жоқ әзірше