Астана автобустарында кондукторлар консультанттардың қызметін атқарады

Aстанадағы қоғамдық көліктер электронды төлем жүйесіне ауысқан алғашқы уақытта кондукторлар консультанттардың қызметін атқарады. Бұл туралы «ҚазАқпарат» тілшісімен әңгімелесе отырып, «Астана LRT» ЖШС-ның баспасөз хатшысы Айгүл Жамалова айтып берді.
«Қоғамдық көліктер электронды төлем жүйесіне ауысқан соң, қаланың барлық кондукторлары жұмыссыз қалады деп ойлайды. Бірақ, сенімді түрде бұлай болмайтынын мәлімдейміз. Алғашқы уақытта олар консультанттардың қызметін атқарады», — деді А.Жамалова.

Оның айтуынша, кондукторлар Астана қаласындағы мамандарды қайта даярлау орталығында қайта даярлаудан өтеді екен. «Осы орталық мамандарының көмегімен әрбір кондуктор ұқсас мамандықтарына қайта даярланады. Бәлкім, біздің басқа да жобаларымыздың аясында жұмысқа қабылданады. Қазірдің өзінде байқағанымыздай, кейбір кондукторлардың көлік жүргізген тәжірибесі бар. Барлық кондукторларға осындай жұмыстар ұсынамыз. Ең бастысы, бір күнде барлық кондукторды жұмыссыз қалдырмаймыз», — деді ол.

Оның айтуынша, Астана қаласының қоғамдық көліктерінде электронды төлем жүйесі 2015-2016 жылдары енгізіледі.

inform.kz/kaz/article/2836851
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше