Елордалық құтқару қызметі қыс маусымына дайын
Астанда қыс мезгілінде төтенше жағдайларды алдын алу мақсатында «Қыс – 2015» командалық-штабтық оқу-жаттығулар өтті. «Астаналық сүт зауыты» базасында көпқабатты ғимараттағы өртті жою бойынша арнайы- тактикалық жаттығулар өткізілді, жарақат алғандарға алғашқы медициналық көмек көрсету, құтқару, адамдарды қауіпсіз жерге көшіру, сонымен қатар жылу беру желілеріндегі апаттарды жою бойынша және арнайы өрт сөндіру көлігінің көмегімен ғимаратты жарықпен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілді.
Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Барат Дұзықбаев:
– Азаматтық қорғаныс қызметі бүгінде дайын. Әрбір бөлімше үш жүзге жуық техникамен қамтылған. Бүгінгі күні қалалық төтенше жасағында 133 адам мен 37 техника бірлік бар. Оқу-жаттығулар алты оқу алаңдарында ұйымдастырылады. Олардың әрқайсысында тұрғындарды құтқару мен көмек көрсетуге арналған іс-шаралар көрсетілген.
Елордалық құтқарушылар азаматтарға төтенше жағдай кезінде мамандандырылған көмек келгенге дейін қалай ұстау керектігін айтты. Қысқы уақытта көлік жүргізушілерге көлікте күрек, жылы киім, кем дегенде үш күнге жарайтын азық-түлік, сондай-ақ шам болуы қажет.
Астана қаласы Төтенше жағдай департаменті жою бөлімінінің басшысы Эльдор Райымбеков:
– Біріншіден, ауа-райының бұзылуына орай, дауылды күндері телеарналар мен радио арқылы хабарландырулар және жүгіртпе жолдар беріледі, SMS-хабарламалар келеді. Бұл уақытта ескертпелерді тыңдап, алыс жолға шықпаған абзал. Егер де жолға шығып және жанармай таусылып қалған жағдайда, онда көлікте майшам жағыңыз, бұл жылулық береді. Сондай-ақ, 112 қысқа нөміріне қоңырау шалып, көмек сұраңыз. Біздің құтқарушылар жедел түрде сіздерге жетеді.
Сондай-ақ, елорда жолдарындағы қауіпсіздік және қозғалыс ережелері туралы ұмытпаған абзал.
astana.gov.kz/kk/modules/material/9386
Пікір жоқ әзірше