Астанада «Өз кәсібінің үздігі» атты республикалық байқаудың жеңімпаздары анықталды
Елордада «Өз кәсібінің үздігі» атты республикалық байқаудың жеңімпаздары марапатталды.
Жалпы, байқау комиссиясы «Үздік темір ұстасы», «Үздік кран жүргізушісі», «Үздік электрші», «Үздік сантехник», «Үздік дәнекерлеуші», «Үздік технолог», «Үздік металл жонушы», «Үздік тігінші», «Үздік қоғамдық көлік жүргізушісі», «Үздік әрлеуші» (сырлау бойынша техник) деген 10 номинация бойынша 20 жеңімпазды анықтады.
«Байқадың атауы айтып тұрғандай, бүгін біз расымен өз ісінің нағыз мамандарын анықтаймыз. Бүгін марапаттайтын адамдардың жұмыстары өкінішке орай көзге көрінбейтін де шығар. Бірақ, біз олардың еңбегін бағалауды үйренейік. Электрик болсын, сантехник болсын, тігінші, құрылысшы, қоғамдық көліктің жүгізушілері ауыр жұмысты абыроймен орындап жүр. Биыл Қазақстанның барлық аймағынан 150-ден астам өтініш қабылданды», — деді ҚР Білім және ғылым вице-министрі Т. Балықбаев.
Айта кетейік, жұмысшылар жарысын «100 нақты қадам» бағдарламасының 88-тармағы мен индустрияландыру және экономикалық өсу бойынша институционалдық реформаны жүзеге асыру аясында жыл сайын ҚР Білім және ғылым министрлігінің тапсырысы бойынша «Қазақстан — 2050» жалпыұлттық қозғалысы ұйымдастырады.
inform.kz/kaz/article/2836652

Пікір жоқ әзірше