Астанада әдеби-музыкалық фестиваль өтті

Астана жаңалықтары: Астанада әдеби-музыкалық фестиваль өтті

Астанада "Әлем балалар тілінде сөйлейді" атты ІІ балалар әдеби-музыкалық шығармашылығының фестивалі өтті. Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы аясында өткен іс-шараның ұйымдастырушылары Қазақстан халқы Ассамблеясы мен «Лад» республикалық славян қозғалысының астаналық бөлімшесі болып табылады.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, фестивальдің басты мақсаты – дарынды жастарды тауып, олардың шығармашылық өсуіне, түрлі халықтардың мәдени дәстүрлерін сақтауға ықпал етеді. Фестивальге әр түрлі жастағы балалар мен жасөспірімдер, шығармашылық топтар, сонымен қатар сәндік-қолданбалы өнер студиялары, халықаралық достық клубтары қатысты.

Жас өнерпаздарды театртанушылар, хореографтар, өнертанушылар сынды білікті қазылар алқасы бағалады. Байқау «Вокалды және хор», «Би», «Аспаптық жанр», «Бейнелеу өнері» және өзге де аталым бойынша өткізілді.

Байқауға елордалық этномәдени бірлестіктердің: «Лад»РСҚ, «Вайнах» шешен-ингуштық этно-мәдени орталығы, «Таң» татар-башқұрт этно-мәдени орталығы, «Возрождение» немістер одағы және «Ватра» украиндық мәдени орталықтың шығармашылық ұжымдары қатысты.

Фестивальдің барлық қатысушылары диплом мен бағалы сыйлықтар берілді.

astana.gov.kz/kk/modules/material/9387
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше