Астанада бес көкөніс қоймасы мен екі жылыжай салынып жатыр
Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету аясында елордада көкөніс қоймалары мен жылыжайлар салу жобалары жүзеге асырылуда.
Астана қаласы Ауыл шаруашылық басқармасының хабарлауынша, азық-түлік белдеуі шекарасында, сонымен қатар Астана қаласы аумағын қосқанда 916 кәсіпорын жұмыс істейді.
Астана қаласы әкімдігі қайта өндеу кәсіпорындар мен қаланың сауда орындарына азық-түлік белдеуін дамыту мақсатында қолдау көрсетеді. Осы мақсатта ауылшаруашылық тауар өндірушілеріне ірі сауда орталықтарында қосымша алымдар жойылды.
Елорданы азық-түлікпен қамтамасыз ету мақсатында арнайы қоймалар қажет. Қазіргі таңда қала аумағында 29 мың тонна құрайтын 7 көкөніс қоймасы ( «СЗЦ Астана Агро» ЖШС, «Астана-Агро-АА» ЖШС, «АгроНива» ЖШС, «Картофель и овощи» ЖШС, «Arul communication» ЖШС, «Целинсельмаш» ЖШС, «Astana Food Storage» ЖШС) жүзеге асырылуда. Кәсіпорын желісін кеңейту мақсатында сақтау көлемі 14,5 мың тонна болатын 5 көкөніс қоймасы салынып жатыр. Елорда аумағында 2 жылыжай «АстанаЭкоСтандарт» ЖШС және ИП «Наурзалина» жүзеге асырылуда. Бүгінде жылына 4,8 мың тонналық қуаты бар 2 жылыжай салынып жатыр. Бұдан бөлек, жалпы көлемі жылына 10 000 тоннадан астам өнім шығаратын 7 жылыжай жоспарлану сатысында тұр.
2017 жылы барлық жобалар пайдалануға берілген уақытта қаланың жеміс және көкөніс өнімдері (60 000 тонна) мен жылыжай өнімдерін (маусымаралық кезеңде 8000 тонна) сақтау мәселесі толықтай жабылады деп күтілуде.
astana.gov.kz/kk/modules/material/9388
Пікір жоқ әзірше