Мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы аясында Астанада 83 жас отбасы пәтерге ие болды
Тұрғын үй басқармасы хабарлауынша, қазіргі кезде коммуналдық меншікке С 189 көшесі, 5, 7, 9 үй, С 409 көшесі, 43, 45, 47 мекен-жайдағы үйлер «Сарыбұлақ арнасы бойында Н. Тілендиев даңғылынан оңтүстікке қарай орналасқан (Лот Б-8А, Лот Б-8Б)» 83 пәтерлік тұрғын үй кешені тапсырылды.
Елорда әкімдігінің тұрғын үй комиссиясы 2014 жылғы іріктеуден өткен жас отбасылар арасында баспана берілді.
Тұрғын үйді үлестіру жинаған баллдарға сәйкес: балалардың саны, мүгедектігі бар, ерлі-зайыптылардың біреуі қайтыс болған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жетім балалар, сондай-ақ, 2005-2007 жылдарғы және 2008-2010 жылдарғы Түрғын үй бағдарламасына қатысушылар арасында жүргізілді.
Айта кетейік, Астана қаласы Тұрғын үй басқармасына тұрғын үй тізімінде есімдері көрсетілгендер мүліктік жалдау шарты бойынша баруы қажет.
Тұрғын үй комиссиясы қалған пәтерлерді коммуналдық меншікке объектіні рәсімдеу аяқталғаннан кейін, шамамен ағымдағы жылдың қарашаның 3 онкүндігінде үлестіру жүргізілетін болады.
Мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы аясында пәтерге ие болған жас отбасылардың тізімі төмендегі файлда тілкелген.
astana.gov.kz/kk/common/attachment/download/d72cf04872ecc7f7aee30b06f73c31b9
1 пікір