Елордалық дәрігерлер жаңа технологияны меңгеруде

№ 2 қалалық аурухананың мамандары жаңа әдісті меңгеруде науқастың өмірін сақтап қалды. Жүрек-тамыр хирургиясы бөлімшесінің дәрігерлері «Бас миы оң жақ жартышарының орта ми күретамыры бассейнінен тромбэмболэктомия және церебралдық ангиография» әдісін енгізді. Бұл өз кезегінде жоғары мамандандырылған медициналық көмек болып табылады.

Жүрек-тамыр хирургиясы бөлімшесіне сол жақ қолы күретамырының жіті тромбоэмболиясы 2 дәрежелі жағдайында науқас түседі. Оған ота жасау шешімі қабылданады. Сол жақ қолына айқындағыш зерттеу, күретамырларындағы ұйысқан қанды ота жасау арқылы алды. Ота жасалынған соң дененің сол жақ бөлігінің қозғалысы толығымен қалпына келді. Жүрек-тамыр хирургтарының жоғары дәрежедегі біліктілігі мен аурухананың заманауи медициналық құралдармен жабдықталу нәтижесінде науқастың өміріне араша түсу мүмкін болды. Қазіргі уақытта науқастың жағдайы жақсы.

Статистика бойынша мұндай жағдайда науқастардың 90 % түрлі ауыр дәрежедегі мүгедектер болып қалады екен. Қалалық аурухананың мамандары жүрек-тамыр ауруларын емдеуде аталған әдісті қолдануды одан әрі жалғастырмақ.

astana.gov.kz/kk/modules/material/9385
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше