№2 қалалық ауруханада жаңа әдіспен операция жасалды
Қазанның 29-ы күні №2 қалалық ауруханада алғаш рет «Бас миы оң жақ жартышарының орта ми күретамыры бассейніндегі тромбэмболэктомия және церебралды ангиография» бойынша сәтті операция өтті.
Операцияны №2 қалалық аурухананың жүрек-тамыр хирургиясы бөлімшесінің меңгерушісі С. Мұхаметқалиев пен Ұлттық нейрохирургия орталығының нейрохирургі Е. Медетов бірлесіп жүргізді.
Қазір ота жасалған 65 жастағы науқастың жағдайы жақсы. Ол №2 қалалық аурухананың жүрек-тамыр хирургиясы бөлімшесіне 2 дәрежелі сол жақ қолы күретамырының жіті тромбоэмболиясы диагнозымен түскен. Дәрігерлер сол жақ қолының күретамырларындағы ұйысқан қанды ашық операция жасау арқылы алды. Операциядан кейін 20 минут өткен соң дененің сол жақ бөлігінің қозғалысы толығымен қалпына келген.
Статистикаға сүйенсек, жоғарыда аталған диагноз бойынша науқастардың 90%-ы түрлі ауыр дәрежедегі мүгедектер болып қалады екен.
Клиниканың білікті мамандары жүрек-тамыр ауруларын емдеуде аталған әдісті одан әрі қолданбақ ниетте.
1 сурет. Орта ми күретамырын қалпына келтіргенге дейін
2 сурет. Орта ми күретамырын қалпына келтіргеннен кейін

Пікір жоқ әзірше