Елорданың коммуналды қызметкерлері арасында спартакиада аяқталды

Бүгін «Астана-РЭК» ғимаратында елордалық коммуналды қызметтері арасында спорттық жарыстар өз мәресіне жетті. Бір ай көлемінде «Астанаэнергосервис» АҚ, «Астана-Теплотранзит» АҚ, «Астана-Энергия» АҚ, «Астана-РЭК» АҚ, «Астана калалык жарык» ЖШС, «Астана су арнасы» МКК спорттың алты түрінен: мини-футбол, шахмат, үстел теннисі, бильярд, дойбы, волейболдан жарыс ұйымдастырылды.

Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған шараға 120-ға жуық адам қатысты.

Спартакиаданың жабылу салтанатында «Астанаэнергосбыт» АҚ басқармасының төрағасы Еркеғали Есенжолов сөз сөйлеп, елорда үшін байқаудың маңыздылығын атап өтті.

Жалпыкомандалық есептің қорытындысы бойынша «Астана су арнасы» МКК өкілдері жеңімпаз атанды. Екінші орынды «Астана-РЭК» командасы мен үшінші орынды «Астана-Энергия» құрамасы иеленді.

Айта кету керек, коммуналды қызметкерлері арасындағы Спартакиада жылына бір рет (жылыту маусымы қарсаңында) салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында өткізіледі. Келесі жылы жарыс «Астана-Теплотранзит» АҚ өтпек.

astana.gov.kz/kk/modules/material/9381
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше