ЕҚҚДБ Астанаға 200 заманауи автобустардың сатып алуына қаражат бөледі

Лондонда бүгін көлік желісін жаңғыртуды қолдау үшін Астана қаласының әкімдігі, әкімдікке қарасты «Астана LRT» және ЕҚҚДБ арасындағы үшжақты келісімшартқа қол қойылды.

Келісімшартқа сәйкес 2016 жылдан бастап 2017 жылға дейінгі кезеңде қалалық автобустар жаңа буынының 200 бірлігін жеткізуге қаржы бөлу қарастырылған.

Жаңғырту шарттарына сәйкес жаңа көлік ақпараттандырудың заманауи жүйелермен, жолаушыларды санау, видеобақылау, кондиционер және жылыту қондырғылармен жабдықталуы тиіс. Жеке қаржыландыру шарттары бойынша жаңа автобустар мүмкіндігі шектеулі жандарға да ыңғайлы болуы қажет.

Келісімшартқа қол қою Астана қаласының инвестициялық тартымдылығын куәландыратынын атап өту маңызды. ЕҚҚДБ сарапшылары қала әкімдігі елорданың көлік кешенін жаңғырту мен дамытуда дұрыс жол қабылдағанын атап өтті.

«Бұл келісімшартқа қол қою Астана қаласының әкімдігі мен Еуропалық қайта құру және даму банкі арасындағы ынтымақтастыққа қосымша серпін береді. Банктің инвестициялары елорда тұрғындары мен қонақтардың өміріндегі жақсы өзгертулерге әкелетін инновациялық шешімдерді жүзеге асыруға ықпал етеді» деді Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбеков.

Астана қаласының Жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары басқармасы мен «Астана LRT» ЖШС бірлесіп калалық көлік тапшылығын шешу мақсатында «City bus» атты үш кезеңнен тұратын жылжымалы құрамды жаңарту жобасы енгізілді. Бірінші кезеңді жүзеге асыру аясында халықаралық стандартқа сай IVECO Citelis маркалы 358 бірлік автобусқа келісімшарт бекітілді.

Анықтама:

Еуропалық қайта құру және даму банкі (ЕҚҚДБ) — өз қаражаттарын ғана емес, маңызды тікелей шетелдік инвестицияларды тартуда ірі инвестор болып табылатын халықаралық қаржы ұйымы. ЕҚҚДБ қаржы істерді жүргізуге ашықтығы мен тұтастастай адалдығымен ерекшеленеді. Банк қызметінде қоршаған ортаны қорғау принциптерін мақсат тұтады.

astana.gov.kz/kk/modules/material/9375
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше