Астанада 63 шақырым жол жөндеуден өтті

Астана жаңалықтары: Астанада 63 шақырым жол жөндеуден өтті

Астанада жол-транспорттық жүйеде жөндеу жұмыстары аяқталуда. Жөндеу аясында жол қабатын ауыстыру, инженерлік жүйе салу, тротуар мен жол таңбаларын жаңалау жұмыстары жүргізілуде.

Бүгінгі күнде елордада 62,97 шақырым жол салынып, реконструкция және жөндеу жұмыстары жүргізілді, оның ішінде 19,5 шақырым жол салынып, реконструкциядан 12,85 шақырымы өтті, елді-мекендерде 9 шақырым жолға жөндеу жұмыстар жүргізілді, сонымен қатар, 21 шақырым жол орташа жөндеу жұмыстарымен қамтылды. Ағымдағы жөндеу жұмыстары аясында 243 977 шаршы метр жол жөнделді.

Жолдарды реконструкциялау және салу, инженерлік жүйені орнату бойынша келесі көшелерде жұмыстар жүргізілді:

Жангелдин к-сі Бейбітшілік көшесі бойымен Республика даңғылына дейінгі ауданда;

Московская көшесі Потанин көшесі бойымен Жеңіс даңғылына дейінгі аудан;

№ 191 көшесі;

Абайдың 150 жылдығы көшесінен Тілендиев даңғылы бойымен Ардагерлер көшесіне дейін;

Сауран көшесінен № 23 көшесі бойымен № 24 көшеге дейінгі аудан;

Ж. Тархан көшесінен Уәлиханов көшесі бойымен Асан Қайғы көшесіне дейінгі аудан;

Слободки аудыны (Кубрина к-сі, Әуезов к-сі, Абай к-сі) және т.б.

Орташа жөндеу жұмыстарымен 20-ға жуық аудан қамтылды.

astana.gov.kz/kk/modules/material/9376
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше