Астана «ақылды» қалаға айналуда

Астана жаңалықтары: Астана «ақылды» қалаға айналуда

«Astana Invest 2015» Халықаралық инвестициялық форумының үш күні нәтижесінде жалпы сомасы 1,5 млрд. АҚШ долларынан асатын 37 меморандумға қол қойылды. Газификация, азық-түлік қауіпсіздігі, қар еріту, полиэтилен өнімін шығару, тұрғын үй мен рекреациялық орындардың, металл жабдықтар мен техникалық құрылғылар зауыты және өзге де кәсіпорындар құрылысы қосымша жұмыс орындарын ашып ғана қоймай, сонымен қатар, елорданың микроэкономикалық көрсеткіштерінің өсуін сақтап, ұлғайтады.

«Ағымдағы экономикалық ахуалда қала мәселелерін бюджеттен тыс көздер арқылы шешу – актуалды және дұрыс», — деді Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбеков, аппарат жиыны барысында инвестициялық форумды қорытындылай отырып.

Мемлекеттік-жеке серіктестік жұмыспен қамтуға және тұрғындардың табыс көзінің ұлғаюына, салық базасының өсімі мен қала бюджетін тұрақтандыруға септеседі. Сондықтан, қол қойылған меморандумдар толық жүзеге асырылуы керек. Ал жобалардың өздері жақын арада «ақылды қаланың» бір бөлшегіне айналады.

astana.gov.kz/kk/modules/material/9362
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше