Зейнетақы төлеу орталығы 2015 жылдың 9 айында 63 мыңнан астам қызмет көрсетті
ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Зейнетақы төлеу бойынша мемлекеттік орталығы 2015 жылдың 9 айында 63 мыңнан астам қызмет көрсетті. Бұл туралы бүгін «Жаңару» жемқорлыққа қарсы қозғалысының қоғамдық тыңдауында ЗТМО астаналық филиалының басшысы Олжабай Бейсенбаев мәлім етті.
Оның айтуынша, жалпы осы жылы орталықтың жұмысына қатысты xалықтың тарапынан 7 шағым түскен. Олардың барлығы жедел түрде қаралып, өздерінің шешімдерін тапты.
«1 қазан жағдайындағы мәліметтер бойынша, біздің орталық 63 мың 325 мемлекеттік қызмет көрсеткен. Мемлекеттік қызметтің көрсетілу мерзімдеріне қатысты арыз-шағымдар болмады», — дейді ол «Нұр Отан» партиясының елордалық филиалында өткен жиында.
Дегенмен, xалықтан бірнеше шағым түскен. Олардың дені қызмет сапасына байланысты емес болған.
«Осы мерзім аралығында 7 шағым түсті. Бірақ олар көрсетілген қызметтің сапасына қатысты емес екендігін айта кеткен жөн. Мәселен, жас ана балаға өтемақы тағайындау жөнінде өтініш жасаған. Алайда оның ұсынған кіріс туралы анықтамасы сәйкес келмей қалды. Осы тектес шағымдар болғаны рас, бірақ олар дер уақытында шешіліп отырды», — деп атап өтті О. Бейсенбаев.
Айта кету керек, 2015 жылдың 1 қазанындағы деректер бойынша, ЗТМО Астана қалалық филиалы 226 124 адамға зейнетақы мен әлеуметтік өтемақы беріп келеді.
Олардың 66 786 зейнетақы алушылар болса, 21 185 мыңы — отбасы асыраушысынан айырылғандар, мүгедек және жасына байланысты мемлекеттік өтемақы алушылар.
inform.kz/kaz/article/2834973

Пікір жоқ әзірше