Медициналық қызмет сапасы - бақылауда
Бүгінгі таңда Астана қаласы бойынша 37 аурухана мен емхана медицина саласында өз қызметтерін ұсынады. Бүгін елорда әкімдігінде өткен аппарат жиналысында медицина қызметінің сапасы мен оны жақсарту мәселелері талқыланды. Астаналықтардың шағымдары мен тілектеріне баса назар аударылды.
«Бұл әкімдіктің ұдайы бақылауында болуы керек ең маңыздың мәселелердің бірі», деді елорда әкімі Әділбек Жақсыбеков. Атап өтейік, әкімнің атына келіп түсетін өтініштер көп жағдайда қалалық медицина нысандарына тікелей қатысты.
Денсаулық сақтау басқармасы Медицина және фармацевтика қызметін бақылау департаментімен бірігіп анықталған кемшіліктерді түзету бойынша нақты шаралар Жоспарын әзірлейді. Еске салайық, елорда тұрғыны 1300 нөмірі бойынша біріңғай Call-орталыққа хабарласып немесе елорда әкімдігі мен Денсаулық сақтау басқармасы сайттарына пікір білдіру арқылы қаралатын дәрігерінің қызметін бағалай алады.
astana.gov.kz/kk/modules/material/9364

Пікір жоқ әзірше