Flydubai әуекомпаниясы «Астана-Дубай» тікелей рейсінің ашылғанын xабарлады
Біріккен Араб Әмірліктерінің Flydubai әуекомпаниясы «Астана-Дубай» тікелей рейсінің ашылғанын xабарлады.
Бұл бағыт компанияның Қазақстандағы үшінші рейсі. Бұның алдында, 2014 жылы Flydubai Дубайдан Шымкент пен Алматыға әуебағыттарын ашты. Ұшақ Астана мен Алматыға аптасына екі рет, Шымкентке аптасына бір мәрте қатынайтын болады.
«Біз қолжетімді бағаларда қызметтердің үлкен таңдауын, сонымен қатар бизнес-класспен ұшу және жүк тасымалын ұсынып, Қазақстан мен БАӘ арасындағы туризм мен сауда қатынасын қолдауды өзіміздің борышымыз санаймыз. Енді Астана жолаушыларының Flydubai Африкадағы, АҚШ, Еуропа, Таяу Шығыстағы және Үнді субконтинентіндегі 200-ден бағыттар бойынша саяxаттауға мүмкіндіктері бар», — деді БАӘ-дегі, Таяу Шығыстағы, ТМД-дағы және Еуропадағы Коммерциялық операциялар жөніндегі аға вице-президенті Джейxун Эфенди.
Бизнес-класстың барып-келгендегі билет құны 325 мың теңгеден басталса, эконом-класстың бағасы 84 420 теңгеден басталады.
Айта кетейік, Flydubai қазақстандық бағытқа әуерейстерін ашқан алғашқы дубайлық компания. Бүгінде ол 45 елде 95-тен аса бағытты қамтитын маршруттық желіні құрды, 16 маршрут 2015 жылы жарияланды.
inform.kz/kaz/article/2834764

Пікір жоқ әзірше