ЭКСПО жалауы Астанаға жеткізілді

Астана жаңалықтары: ЭКСПО жалауы Астанаға жеткізілді

Италияда өткен «EXPO MILANO-2015» Дүниежүзілік көрмесінің жабылуы салтанатында ЭКСПО жалауы Қазақстан Республикасына ресми түрде табысталған еді. Аталмыш шараның символын Астанаға «ЭКСПО-2015» көрмесіндегі Қазақстан павильонының бас комиссары Әнуарбек Мусин жеткізді.

Милан қаласында Жалауды «Астана «ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы» АҚ Басқарма төрағасы Ахметжан Есімов пен ЭКСПО-2017 Бас комиссары Рәпіл Жошыбаев ХКБ Бас хатшысы Висенте Лоссерталес пен ЭКСПО-2015 көрмесінің Бас комиссары Бруно Паскуинодан қабылдап алды.

Әнуарбек Мусин ЭКСПО туының қаншалықты маңызды екенін, Қазақстанның әлемдік көрмеде көтеріп отырған тақырыбының өзектілігін атап өтті.

Халықаралық мамандандырылған «Астана ЭКСПО-2017» көрмесі Қазақстанда 2017 жылы 10 маусым-10 қыркүйек аралығында өтеді. ЭКСПО-2017 көрмесіне 100 елдің өкілдері қатысады деп жоспарланып отыр. Бүгінде 51 ел, 11 халықаралық ұйым «Астана ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысатынын растап, секциялардың 25 комиссары тағайындалған.
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше