«Атлетико» Астанаға келді

Астана жаңалықтары: «Атлетико» Астанаға келді

Елордалық «Астана» футбол клубы Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде мадридтік «Атлетико» командасына қарсы өз алаңында қарымта матч өткізеді.

«Атлетико» клубының бас бапкері Диего Симеоне Астанаға 20 ойыншысымен келді. Олар: Мигель Анхель Мойя, Ян Облак, Диего Годин, Луис Филипе, Гильерме Сикейра, Стефан Савич, Хесус Гамес, Лукас, Хуанфран, Хосе Мария Хименес, Тьягу Мендиш, Коке, Оливер Торрес, Габи, Сауль Ньигес, Янник Феррейра-Карраско, Томас Тейе, Антуан Гризманн, Фернандо Торрес, Джексон Мартинес.

Астана — Атлетико матчына ағылшын төрешілер бригадасы қазылық етеді. Ойынның бас төрешісі – Тейлор Энтони. Көмекшілері – Майкл Алларки және Стивен Чайлд. Қосымша көмекші төрешілер — Мартин Аткинсон және Джонатан Мосс. Қосалқы төреші — Гарри Леннард. Матч инспекторы – Ойген Штригель (Германия). Делегат – Балаш Макрай (Венгрия)
Испания жерінде өткен ойында «Астана» қарсыласынан ірі есеппен жеңілген еді. Негізгі құрам ойыншыларын «Қайрат» командасына қарсы дайындаған Станимир Стойловтың дегені орындалды. Қазір ҚПЛ-да «Қайраттан» 1 ұпай алда.
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше