Астанада Еducation uk британдық білім көрмесі ашылды

Астана жаңалықтары: Астанада Еducation uk британдық білім көрмесі ашылдыЕлордада осымен төртінші рет Еducation uk Британия білімінің көрмесі ашылды.
Көрмені Халықаралық бағдарламалар орталығының қолдауымен Британ кеңесі ұйымдастырып отыр. Көрменің мақсаты — Қазақстандағы оқушылар мен студенттерге, олардың ата-аналарына Британияға барып, білім алу үшін қандай мүмкіндіктер қарастырылатынын көрсету.

«Көрмеге Британияның 30 оқу орны өз қызметтерін әкеліп отыр, олардың арасында тек жоғарғы оқу орындары ғана емес, колледждер мен тіл мектептері де бар», — дейді Британия кеңесінің қоғаммен байланыс жөніндегі менеджері Елена Сим.

Оның айтуынша, Британиядағы білім туралы көп ақпарат беретін бұл көрме қазақстандықтарға әбден таныс шара, сондықтан жыл сайын көрмеге шамамен үш мың адам келеді екен.

inform.kz/kaz/article/2834367
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше