Астанада Біріңғай төлем құжаты жүйесі енгізілді

Астана жаңалықтары: Астанада Біріңғай төлем құжаты жүйесі енгізілді

Астанада ағымдағы жылдың қазан айынан бастап Біріңғай төлем құжаты жүйесі енгізілді. Жаңа құжат «Астанаэнергосбыт» ЖШС мен «Астана-ЕРЦ» ЖШС қызметтерінің түбіртектерін біріктіреді. Қазіргі заманғы төлем жүйесі барлық коммуналдық төлемдерді бір түбіртек арқылы өтеуге мүмкіндік береді, уақыт пен комиссия шығыстарына қаржыны үнемдейді.

«Астанаэнергосбыт» ЖШС мен «Астана-ЕРЦ» базалық мәліметтерін біріктіру бойынша бірқатар жұмыстар жүргізілді. Бір ай көлемінде 240 мыңға жуық дербес шоттар реттелді, содан кейін екінші деңгейлі банктерде төлемдерді қабылдау қажеттілігі туындады. Коммуналдық қызмет үшін Біріңғай төлем құжаттарының барлық банктермен келісім-шарттар жасалмауы салдарынан «Астанаэнергосбыт» ЖШС кассаларында кезектер пайда бола бастады. Бірақ бүгінгі күнде банктер штаттық режимде жұмыстарын бастады және төлем қабылдау жүйесі реттелді деуге толық негіз бар. Қазіргі таңда «Қазпошта» АҚ кассаларында, «Қазақстан Халық банк» кассалары мен интернет-банкингтерінде, «Цеснабанк» АҚ, «Kaspi Bank» АҚ, «Казкоммерцбанк» АҚ, «АТФ Банк» АҚ, сондай-ақ, «Forte Bank» АҚ интернет-банкингі арқылы төлемдер жүзеге асырылады. Сонымен қатар, «Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы» «Астана-плат», «Касса 24», «QIWI» төлемдер жүйесіне қолжетімділікті, сондай-ақ, «Сбербанк России», «БанкЦентрКредит», «Эксим банк» банктеріне төлемдерді жіберу мүмкіндігі бойынша өз қызметін қызметін ұсынды. 24-і қазаннан бастап «Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы» төлемдерді қабылдай бастады. «Астанаэнергосбыт» ЖШС бас директорының орынбасары Дәурен Кабдиннің айтуынша, Біріңғай төлем құжаты Астана қаласында көрсетілетін қызметтердің сапасын көтеру мақсатында енгізілді. Жаңа коммуналдық төлемақы жүйесінің негізгі басымдылықтары ретінде төлем жүргізудің бірнеше жолдарын атап өтуге болады. Бұдан бөлек, қазір банктерде коммуналдық төлемақыны төлегенде бір түбіртек арқылы комиссиялық шығыстарды үнемдейді. Бұл әсіресе, зейнеткерлер мен әлеуметтік жағдайы төмен тұрғындарға өте маңызды.

– Біріңғай төлем құжатының тағы бір басымдылығы — құжаттар электрондық түрде жеткізіледі. Қазір біздің порталға тіркелген тұтынушының электрондық поштасына төлем құжаты жіберіледі, осы арқылы тұтынушы түбіртекті қағаз бетіне шығарып, біздің кассада немесе банкіде, не интернет арқылы төлей алады, — деп сөзін толықтырды Дәурен Қабдин.

Сонымен қатар, компания алдағы уақытта Біріңғай төлем құжаты жұмыстарын жетілдіреді. Жуырда Біріңғай төлем құжаттарының мәлімет базасы egov «электрондық үкімет» порталымен біріктірілмек. Айта кетейік, жаңа төлем құжатының енгізілуіне орай төлеу мерзімі 31 қазанға дейін ұзартылды.

astana.gov.kz/kk/modules/material/9356
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше