Астанада қазақстандық спорт телевизиясын дамыту мәселелері талқылануда

Астанада «Sport&TV» іскерлік клубының аясында спорттық тілшілер, комментаторлар, спорт түрлері бойынша Федерациялар, клубтар, дене шынықтыру және спорт басқармаларының баспасөз хатшылары үшін семинар өз жұмысын бастады. Онда қазақстандық спорттық телевизияны одан әрі дамытудың басты мәселелері талқыланады, деп жазады Sports.kz.
Форумның бастамашысы әрі ұйымдастырушысы ретінде Қазақстан спорттық баспасөзі қауымдастығы және ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің спорт және денешынықтыру істері бойынша комитетінің қолдауымен «Kazsport» телеарнасы шықты.

Семинар шартты түрде үш күнге, тақырыптар бойынша үш бөлікке бөлінген. Алдыңғы қатарлы технологияларды ұсыну, спорттық продюсерлер мен ақпараттық бағдарламалардың басшыларының қызметтері, спорттық мазмұндағы телевизиялық жобаларды талқылау — осының барлығы аталған форумның жұмысы кезінде көрініс таппақ.

inform.kz/kaz/article/2834387
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше